29 Ақпан, 2016

Қарағандыда аралас жекпе-жектен облыс чемпионаты өтті (фото)

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29-02-2016 MMA 3ҚАРАҒАНДЫ. 29 ақпан. Қарағандыда ММА аралас жекпе-жектен облыс чемпионаты өтті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Чемпионат алты салмақ дәрежесі бойынша өтіп, онда облыстың мықты деген спортшылары жүлделерді сарапқа салды. Жарыс қорытындысы бойынша облыстың құрама командасы жасақталып, олар алдағы болатын ел біріншілігінде Қарағанды өңірінің намысын қорғайтын болады. Чемпионаттың жеңімпаздары: 61,2 кг Абылайхан Қожахметов; 65,8 кг: Баястан Талайбекұлы; 70,3 кг Исмаил Героев; 77 кг Александр Кожушкин; 84 кг Азамат Мұратбекұлы; 93 кг Нұржан Шаймерден. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. 29-02-2016 MMA 1 29-02-2016 MMA 2