ТАРАЗ. 29 ақпан. Жамбыл облысында туризм саласы жанданып келеді. Облыс «Жiбек жолының тарихи орталықтарын жаңғырту, түркi тiлдi мемлекеттердiң мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыру, дамыту, туризм инфрақұрылымын құру» мемлекеттiк бағдарламасына іліккен. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыс арқылы Ұлы Жібек Жолының бөлігі (Сайрам кенті – Тараз – Акшолак – Ақыртөбе станциясы – Құлан – Меркі – Шу – Аспара – Қордай ) өтеді, жол бойында тарихи және мәдени қызықты ескерткiштер орналасқан. Жібек жолы бойындағы 5 ескерткіш ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілді.
Қазіргі кезеңде аймақтық туризм дамуының негізгі артықшылығы «Ежелгі Тараз» жобасы болып табылады.
Жоба Тараз қаласының орталық бөлігінде көлемі шамамен 20 гектар жерде орналасып, археологиялық және туристік саябақтардан тұратын болады. Нысандардың біртұтас ансамблін ежелгі шығыс стилінде (ежелгі өркениет қазба жұмыстарына қатысу, табылған артефактілер мұражайы, шығыс базарлары және шеберлер қаласы, қонақ үйлер, сауда орталықтары және т.б.) құру жоспарланған.
Бүгінгі күні облысымызда 42 туристік фирма, 1 киіз үй қалашығы, 1 сауықтандыру кешені, 5 демалыс орталығы, 10 балалар сауықтандыру лагерлері, бірегей шипалы балшық және минералды сулары және 5 шипажай, сауықтандыратын орындар жұмыс істейді.
Жамбыл облысы бойынша туристік маршруттар әзірленуде.
Атап айтқанда, TARAZ TRAVEL туристік компаниясымен «Көне Тараз Маржандары», «Ақыртас жұмбақтары», «Аспан асты жолдары», «Ақсу Жабағылы» мұражай-қорығына экскурсиялар және «Ұлы Жібек жолы» тур маршруттары.
«Золотой Караван» туристік орталығының тур маршруттары: «Көне Тараз бүгін», «Архитекторлық ескерткіштер», «Ақыртас жұмбақтары», «Қарлы шыңдардан құмды жоталарға дейін». «Тараз Даму» туристік фирмасының «Көксай» қазақ ауылы атты маршруты.
Жамбыл облысында инфрақұрылым жобалары жүзеге асырылуда, мысалы халықаралық көлік магистралі телімінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы.
Облыс бойынша «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында бірқатар жол бойғы сервис кешендері айқындалған, оның 1 кешенінің құрылысы аяқталған.
Қазіргі дүниежүзілік экономиканың даму жағдайында туризм жетекші және динамикалық дамушы салалардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік туристік ұйым мәліметтеріне сәйкес дүние жүзі экспорты бойынша авто көліктер, химия өнімдері, және жанар-жағармай экспортынан кейін туризм бойынша тауарлар мен қызметтер төртінші орында.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48