Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барша азаматтарын 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтайды! Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойлық жылында Ұлттық күнтізбемізде осы мерекенің пайда болуының мағынасы терең.
Бейбітшілік, достық пен келісім құндылықтары Қазақстанның көпұлтты халқының тарихи тағдырымен ұштасқан. Бұл күні біз Қазақстанның көпэтносты жасампаз халқының ортақ тарихына құрмет білдіреміз.
Алғыс айту күні – Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты. Елбасының дана, сарабдал саясатының нәтижесінде Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей үлгісі қалыптасты, оның арқауы – Қазақстан халқы Ассамблеясы.
Бірлік, тұрақтылық және келісім еліміздің экономикалық қуатының берік іргетасы, саяси, әлеуметтік және мәдени міндеттерді шешу жолындағы сенімді кепілі болды. Бұл қағидаттар – жаңа заманның сын-қатерлеріне біздің жауабымыз.
Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін бұл күн ерекше қуанышты мереке, себебі, дәл осы 1 наурыз – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні Алғыс айту күні болып жарияланды.
Даталардың түйісуі біздің жаңа мерекемізге ерекше мағына және айрықша маңыз береді, ол адамдар арасындағы, Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын барлық этностар арасындағы өзара сенім мен сыйластық деңгейінің жоғарылығын, өзара түсіністік пен терең құрметті білдіреді.
Даталардың бұл түйісуі кездейсоқтық емес. Мемлекет басшысының өзі Ассамблеяның құрылған күнін жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және оларды өз туғанындай қабылдап, мейірбандық танытқан қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту туралы ұсыныс айтқан болатын.
Алғыс айту күні – қуғын-сүргінге ұшырап, аласапыран заманның тауқыметін тартқан халықтың рухани игілігі – кеңпейілділігі мен қайырымдылық дәстүрлеріне терең тағзым белгісі.
Біз Тәуелсіздіктің мерейтойы қарсаңында ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем, тең құқықтар иеленген және нұрлы болашақ жолында зор жауапкершілікпен топтасқан Болашағы Біртұтас Ұлт қалыптастыру туралы мәлімдедік.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекетіміз бен қоғамымызды жаңартуға, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының негізінде Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған барлық реформалардың жүзеге асырылуына атсалысады.
Біз қазақтың қасиетті жеріндегі ең басты құндылығымыз – бірлік пен татулық үшін ортақ жауапкершілігімізді сезінеміз және жарқын болашағымызға нық сенеміз.
Мереке құтты болсын, қымбатты қазақстандықтар!
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі.

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20