Сайлауалды үгіт-насихат шараларын өткізу шеңберінің аясында Қазақстанның Коммунистік халық партиясы (ҚКХП) Астананың орталық саябағында жас белсенділердің қатысуымен «Біз саламатты өмірді қалаймыз!» атты акция өткізді.
Акцияға жүзшақты партия белсендісі қатысып, спорттық гимнастиканың жаттығуларымен топ болып айналысты. Коммунистердің бұл бастамасы сол күні саябаққа жиналған көпшілікті қызықтырып, музыканың ырғағымен жасалып жатқан гимнастикаға қатысушылар көп болды. Әсіресе, жас көрермендерге бұл шара қатты ұнағаны көрініп тұрды. Ұйымдастырушылардан өздеріне қызыл түсті спорттық костюмдер сұрап, жаттығуларды бірге жасауға қатысқысы келген үлкендер де болды.
Жаттығулар аяқталған соң сол жерге жиналған жұртшылыққа ҚКХП белсенділері саламатты өмір салтын ұстанудың артықшылықтары туралы әңгіме өткізді. Әрбір азамат саламатты өмір сүруге тырысып, өз денсаулығын қадағалап отырса, біз дені сау жақсы қоғам болар едік. Ата-аналар балаларын осы бағытта тәрбиелеуде белсенділік көрсетулері керек. Коммунистік партия халықтың денсаулығы жақсы болып, өмір салты үлгілі болғанын қалайды. Біз барлығыңызды да спортпен тұрақты айналысуға шақырамыз. Оған бөлінген уақыттарыңыз сіздер үшін тек пайда ғана әкеледі. Сондықтан да біз спорттық шараларды тұрақты өткіземіз, деді өзінің жиналған халыққа арнаған сөзінде ҚКХП Орталық комитеті аппаратының басшысы Виктор Смирнов.
Оның сөзін партияның жастар қанатының өкілі Екатерина Шайдовская қостап, жастарға арнап сөз сөйледі. Қазақстандықтардың спорттық әлеуеті орасан зор екенін көріп жүрміз. Спортшы тарландарымыз әлемнің барлық бұрыштарынан, ең ірі жарыстар мен чемпионаттардан үлкен табыстар әкеліп, бізді қуантып жүр. Олардың табыстары көктен түскен жоқ. Бәрі де осындай көпшілік спорттан басталған. Сондықтан, ата-аналардың бәрі спорттық жетістіктерге барынша жіті қараулары керек. Балаларының болашағы үшін олардың спорт түрлерімен айналысуын қамтамасыз еткен жөн. Барлық балалардың да спортқа қызығушылығы жас кезінде болады. Сол шақта баланың талпынысын қолдау ата-ананың қасиетті борышы. Коммунистік партия осы істің сәтті, табысты болғанын қалайды. Сондықтан да осындай шаралар өткізуде деді ол.
Спорттық шарадан кейін жиналған халыққа ҚКХП-ның сайлауалды бағдарламасы мен үгіт-насихат парақшалары таратылды. Іс-шараны қолдап, коммунистік партияның бағыты дұрыс екенін айтып, жиналғандар арасынан бірнеше адам сөз сөйледі.
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан».

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20