Бүгінгі күннің батыры деуге лайықты жанның бірі – Қуаныш Берденов Доссор кентінде тұрады. Осындағы мәдениет үйінде жұмыс жасайтын ол өткен аптада әлдебір шаруасымен орталық базарға беттепті. Іргесі ерте қаланған кенттің тар көшесінде қарсы жолыққан әжейдің: «Балам-ай, әнебір пәтер өртеніп жатыр-ау», – деген оқыс даусын естіп, соған қарай тұра жүгіргенін өзі де аңғармай қалыпты. Жанұшыра жеткен бойда пәтердің есігін аша алмай әуреленіп, ақыры терезесін сындыра ішке кіруге ұмтылады. Сөйтсе, қою түтіннен ештеңе көрінбейтін пәтердің ішінде үш бала қалыпты. «Сол сәт ештеңені ойлауға мұрша болмады. Бар ойым – іштегі балаларды құтқару», – деп еске алады Қуаныш Берденов.
Көзді ашып-жұмғандай қас-қағым мезетте қызыл жалынның ортасынан құтқарылған үш баланың кішкентайы әлі мектеп жасына жетпеген екен. Үлкені – 7, ортаншысы – 5, ал кішкентайы 3 жасқа толыпты. Бұл балдырғандардың көрер жарығы бар екен. Қуаныш оларды тысқа алып шыққан сәтте өрт одан сайын үдеп, электр сымдары жана бастапты.
– Менің орнымда болған кез келген азамат балаларды құтқаруға ұмтылар еді. Қиналғанға қол ұшын созу қанымызда бар қасиет, тіпті, азаматтық парызымыз болуы қажет, – дейді бейбіт күнде өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, өрттен үш баланы құтқарған Қуаныш Берденов.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026