Алматыдағы Достық үйінде Алғыс айту күніне орай түрлі этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Менің Отаным – Қазақстан!» атты мерекелік фестиваль болып өтті.
Қала тұрғындары мен қонақтарына шат-шадыман көңіл-күй сыйлаған шара елімізді мекен еткен түрлі ұлт өкілдері ұйымдастырған мерекелік концертпен басталып, онда орыс, украин, әзербайжан, грузин және тағы басқа ұлт өкілдері қазақтың ұлттық әндерін шырқап, биін биледі.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі мен қала әкімдігі, Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы бірлесе ұйымдастырған іс-шарада аталған мерекенің ұлт бірлігі мен ынтымағы үшін маңыздылығы атап көрсетілді.
– 2016 жылдың 14 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл – қиын кезеңде бір-біріне арқа сүйеп, аз уақыт ішінде жұмыла күш сала отырып, Елбасы жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстанның болашағын бірге сомдаған ел азаматтарының өзара құрмет күні, – деп атап өтті өз сөзінде қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.
Мереке күніне орай Алматы қаласындағы өзге ұлт өкілдерінің этномәдени бірлестіктері ұлттық нақыштағы бұйымдар мен қолөнер заттарының, әр ұлттың салт-дәстүрінен сыр шертетін жәдігерлер мен туындылардың көрмесін өткізіп, думаншыл жұрттың ықыласына бөленді.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
Суретті түсірген
Юрий БЕККЕР.

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді
Ата заң • Бүгін, 17:05
Референдум және жаңа Конституция: Халық көп жиналатын орындарда ақпараттық жұмыс жанданды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30