Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданындағы Белоусовка ауылының тұрғыны Елена Зайдель автокөлік салонында алтыншы баласын дүниеге әкелді. Елена бесінші баласын перзентхана ішіндегі лифтіде босанған екен. Аяғы ауыр ананың бұл жолғы толғағы да аяқ астынан келді. Такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін күйеуі Владислав келіншегін перзентханаға қарай алып ұшқанымен, жарық дүниеге асыққан перзенті автокөлік ішінде дүниеге келді.
Осылайша, 28 ақпан Владислав пен Елена үшін есте қаларлықтай қуанышты күн болды. 36 жастағы келіншек Белоусовкадағы үйінде толғағы келгенін сезіп, бірден перзентханаға жолға шыққандарын, өйткені бесінші баласы Роберт босандыру залына жетпей лифтіде туғандықтан, бұл жолы да сол жағдайды қайталамауға тырысқандарын айтады.
Алайда, Ахмер ауылына жеткенде келіншектің толғағы күшейе түскен. Әйелін айналып-толғанған Владислав көлікті жолдың шетіне қаңтарып, Ленаның айтуы бойынша, келіншегін өзі босандыруға кіріседі. Қанша дегенмен алтыншы баласы емес пе! Тәжірибелі ана кіндігіне оралып қалған баланың жағдайына алаңдағанымен, бәрі сәтімен болып, баланың кіндігі перзентханада кесілді.
– Менің күйеуім батыл! Владтың медицинаға еш қатысы жоқ, көлік жүргізушісі болса да қолынан үлкен іс келді, – дейді жаңа босанған ана мақтанышпен.
Ана мен бала орталығы дәрігерлерінің айтуынша, қазір сәбидің жағдайы жақсы. Үш қыз, үш ұл өсіріп отырған Зайдельдер отбасы сәбиді асыға күтіп жүр.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді
Ата заң • Бүгін, 17:05
Референдум және жаңа Конституция: Халық көп жиналатын орындарда ақпараттық жұмыс жанданды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30