02 Наурыз, 2016

Инвестиция көлемі артып келеді

307 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ком-үлкеніКеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ел экономикасына инвестициялар тарту шаралары туралы баспасөз мәслихаты өтті. Оған «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ өкілдері қатысты. «Бәйтерек ҰБХ»-ның жүз пайыз еншілес ұйымы болып табылатын «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басқарма төрағасы Алмас Ағыбаев пен басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Оңаев аталған компанияның ел экономикасына құйған инвестицияларының көлемі жайында айтып берді. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ соңғы жылдары шетелдік серік­тестермен бірлесіп Қазақстанда тіке­лей инвестициялар нарығын дамы­тумен белсенді айналысып ке­леді. Қазіргі таңда жалпы қоржында 13 тікелей инвестициялар қоры, соның ішінде Қазақстанға 300 млрд. теңгеге жуық инвестиция салатын міндеттемесі бар 10 белсенді қор бар», деді А.Ағыбаев. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Президенттің бастамасы бо­йынша 2007 жылдың мамырында құрылған болатын. Оның негіз­гі қызметі Қазақстанда тікелей инвестициялардың тиімді нарығын дамытуға ықпал ету. «Қазына Капи­тал Менеджмент» акционер ре­тінде мемлекетаралық қорлар­ға қатысады. 2013 жылдың тамы­зынан бері «Қазына Капитал Ме­неджмент» АҚ «Бәйтерек» компаниялар тобының құрамында. 2015 жылы қорларға салынатын «Қазына Капитал Менеджмент» инвестициялары 27 млрд. теңгені құраса, 2007 жылдан бастағанда «Қазына Капитал Менеджмент» қыз­метінің бүкіл кезеңіндегі барлық инвестициялардың 35 пайы­зын құрады. Осы 2015 жылғы ин­вес­тициялардың басым үлесі қазақ­стандық жобалық компанияларға салынды. Яғни, барлығы 12 жобаға инвестиция салынса, соның ішінде 10 жобаға Қазақстанда инвестиция салынды. Соның нәтижесінде ҚКМ инвестициялық қоржынындағы қазақстандық жобалардың үлесі 65 пайыздан асты. «Атқарылған жұмыстардың соңғы екі жылында басқарушы хол­дингтің Қазақстан инфра­құры­лымдық қоры, Baiterek Venture Fund, Almex-Baiterek Fund секілді жал­пы мөлшері 42 млрд. теңге болатын қорлар құру бастамасын іске асырдық. Барлық стратегиялық портфель ішінен аталған қорлардың үлесі үштен бірін құрайды», деді компания басшысы. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-қа қатысатын қорлар қызмет кезеңінде жалпы сомасы 1 млрд. 83 млн. доллар болатын 56 жобаны қаржыландырған. 2016 жы­лы ком­пания қазақстандық инфра­құры­лым қорын аймақтық көлем­де кеңейтуге, сондай-ақ, қазақ­стан­дық жобаларға инвестиция салу­дың жоғары қарқынын артты­руға қатысты жұмыстарды жалғас­тыру­ды жоспарлап отыр. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан».