02 Наурыз, 2016

Белсенділік

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атырау облысында да әр деңгейдегі мәслихаттар депу­тат­тығына ұсынылған кандидаттарды тіркеу аяқталды. Облыстық аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асау Ибрашевтың мәлім етуінше, 134 округ бойынша ұсынылған 433 кандидаттың 414-і тіркеуден өтті. Олардың ішінде облыстық мәслихатқа 27 сайлау округі бойынша ұсы­ныл­ған 90 кандидаттың 87-сі, ал Атырау қалалық мәслихатына 19 сайлау округінен ұсынылған 65 кан­дидаттың 62-сі тіркелген. Аудандық мәслихаттарға 278 кан­дидат ұсынылып, олардың 265-і тіркеліпті. Барлық дең­гей­дегі мәслихаттарға ұсынылған кандидаттардың арасынан 19 кандидат өз өтініштерін кері қайтарып алған. Мәслихаттарға ұсыныл­ған­дардың арасында 365 (88%) кан­дидаттың жоғары білімі бар, ал арнайы орта біліммен – 35 кандидат (8%) және орта біліммен – 14 кан­дидат (4%) сайлау додасына түскелі отыр. Кандидаттардың кәсіби мамандығы туралы айтар болсақ, дәрігер – 21 адам (5%), инже­нер – 74 адам (17%), білім беру са­ласының қызметкері – 103 адам (24,9%), заңгер – 42 адам (10%) және басқа мамандықты мең­гергендер үлесі 174 (44%) адамды құрайды. Саяси партиялардан 139 кандидат бар, олардың арасында 134 кандидат «Нұр Отан» партиясынан, 3 кандидатты Қазақстан Коммунистік Халық партиясы, екеуін «Ақ жол» демократиялық партиясы ұсын­ған. Атырау мәслихаттарының депутаттығынан үміткер кан­ди­даттардың арасында 297 ер адам (72%) және 117 әйел адам (28%) болса, олардың 275-і өзін-өзі ұсы­ныпты. Кандидаттардың орташа жасы – 44. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». АТЫРАУ.