02 Наурыз, 2016

Байқаушылар қатары қалың

307 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ERA_5353+Кеше Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден тағы 20 байқаушыны аккредиттеді. Орталық сайлау комис­сия­сының хатшысы Бақыт Мелде­шов­тің айтуынша, 2016 жылғы 1 наурызда Орталық сайлау комиссиясы «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Мәжілісі депу­тат­тарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттер байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабыл­дады. Осы қаулыға сәйкес Орт­сай­лауком Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Сыртқы істер министр­­лігінің ұсынуы бойынша екі ха­лықаралық ұйымнан және жеті шет мемлекеттен 20 байқау­шыны аккредиттеді. Олардың ішінде 2 байқаушы ТМД миссиясынан, 4 байқаушы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясынан, сондай-ақ, Армения, Әзер­бай­жан, Грузия, Латвия, Малай­зия, Ресей Федерациясы және Эсто­ниядан екі-екіден байқаушы бар. Ке­шегі күнгі жағдай бойынша Ортсайлауком екі халық­ара­лық ұйымның миссияларынан (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД), бір халықаралық ұйымнан (Ис­лам ынты­мақ­тастығы ұйымы) және сегіз шет мемлекеттен 175 бай­қау­шыны аккредиттеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2016 жылғы 29 ақпандағы жағдай бо­йынша 26 мемлекеттен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 112 өкілін аккредиттеді. «Шет мемлекеттер мен халық­аралық ұйымдардың байқау­шы­ларын аккредиттеуді Ортсай­лауком 2016 жылғы 14 нау­рызға дейін жүзеге асырады, – деді Б.Мелдешов. – Орт­сай­лауком «Сайлау туралы» Заң­ның 19-бабы 8-тармағына сәйкес сайлау заңнамасында белгі­лен­ген тәртіпте сайланғанға дейін шығып қалғандардың орнына Маң­ғыстау облыстық сайлау ко­миссиясының мүшесі етіп Г.Сүйеуованы және Астана қала­лық сайлау комиссиясының мүшесі етіп Ш.Мырзабекованы тағайындады». Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.