02 Наурыз, 2016

Антарктидада экспедиция мүшелері жеміс-жидек өсірді

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-03-2016 antarctidaАСТАНА. 2 наурыз. Антарктидада Қытайдың Цзянси провинциясынан шыққан экспедиция мүшесі Ван Чжэн алғаш рет жеміс-жидек өсірді. Бұл туралы 24.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл жаңалықты алғаш рет Антарктиданы зерттеу жөнінен Қытай мемлекеттік орталығының ғалымы Юй Ваньсянь мәлімдеді. Бұл жаққа тамақ өнімі тек сырттан жеткізілетіндіктен, жеміс-жидек пен көкөніс тапшы. Ауа райының салқындығына байланысты мұзды аймақта күніне 4-5 мәрте тамақтану қажет. Ал Ван Чжэн өсірген жеміс-жидек экспедицияның ұзағырақ уақытқа қалып, жұмыстарын жалғастыруына көмегін тигізді. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: 24.kz.