03 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының  2016 жылғы 2 наурыздағы № 22/112 қаулысына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылғы 2 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидатты мынадай құрамда тіркеді: 1. Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы 07.11.1951 ж.т., қазақ, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті, Астана қаласында тұрады 2.Божко Владимир Карпович 16.05.1949 ж.т., орыс, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, Астана қаласында тұрады 3.Жұмаділдаева Наталья Васильевна 29.03.1965 ж.т., мордва, Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры, Қызылорда қаласында тұрады 4.Ким Роман Ухенович 08.05.1955 ж.т., корей, «Қазақстан корейлері қауымдастығы» РҚБ президенті, бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Астана қаласында тұрады 5.Микаелян Наринэ Гамлетовна    06.04.1983 ж.т., армян, «Луйс» армян мәдени орталығы» ҚБ төрайымы, Алматы қаласында тұрады 6.Мурадов Ахмет Сейдарахманович 20.07.1951 ж.т., чешен, «Вайнах» Қазақстан чешендері мен ингуштары қауымдастығының тең төрағасы, бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Астана қаласында тұрады 7.Нурумов Шаймардан Усаинович    15.11.1950 ж.т., ұйғыр, «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» ҚБ төрағасы, Алматы қаласында тұрады 8.Тимощенко Юрий Евгениевич 08.06.1962 ж.т., украин, «Қазақстан украиндары радасы» ЗТБ төрағасы, бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Астана қаласында тұрады 9.Хахазов Шакир Хусаинович     05.07.1958 ж.т., дүнген, «Дүнген этномәдени орталықтарының қауымдастығы» ҚБ басқармасының мүшесі, «ОСК-стройсервис» ЖШС директоры, Астана қаласында тұрады