03 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы  №271

502 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2015 жылғы 27 сәуір, Астана қаласы Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2015 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1- тармағының 15) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2015 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін. 4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Т. ДҮЙСЕНОВА Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №271 бұйрығына қосымша Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2015 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы Р/р № Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары Жалпы бө­лінген орын­дардың саны Білім деңгейі бойынша бөлінген орындар Кәсіптік жоғарғы білімі бар мамандар Кәсіптік орта білімі бар мамандар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 ҚД БА БА 2 ай 4 ай 5 ай 1 апта 2 апта 4 апта 1 апта 2 апта 1. Астана медицина университеті 14581 535 947 208 2280* 1946 1216 4494** 2955 БАРЛЫҒЫ 14581 535 947 208 2280 1946 1216 4494 2955 Ескерпе: аббревиатураны ашып жазу: ҚД – қайта даярлау БЖ – білімін жетілдіру *1 апталық біліктілікті арттыру курсында 2 280 кәсіптік жоғарғы білімі бар мамандар оқудан өтеді, оның ішінде шетел мамандарын тарта отырып – 280 **1 апталық біліктілікті арттыру курсында 4 494 кәсіптік орта білімі бар мамандар оқудан өтеді, оның ішінде шетел мамандарын тарта отырып – 25 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11208 болып енгізілді.