ОРАЛ. 3 наурыз. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында балалары радикалды діни ағымдардың жетегіне еріп, Сирияға кеткен және сол жақта қаза тапқан ата-аналар мешітке келіп жергілікті жамағатқа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы batysnewskz.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ата-аналар өзгелерге сабақ болар деген ниетпен адасқан балаларының тағдырын баяндап, жамағатты теріс пиғылды ағымдардан сақтануға шақыруда. Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Жарас Ахановтың айтуынша, бүгінде Сирияға соғысқа кеткен оралдықтардың нақты саны белгісіз.
«Бұл ақпаратты құзырлы органдар құпия ұстап отыр. Ал жат ағымның жетегінде кетіп, сотталған 24 азаматтың ішінде мемлекеттік қызметкерлер де болған. Меніңше, тура жолдан таюға отбасындағы тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауы себеп. Сондықтан қазіргі таңда бірінші кезекте жастармен жұмысты күшейту керек», – дейді Жарас Аханов.
Сонымен қатар, оның сөзінен жалған үгіт-насихатқа ұрынып, діни экстремистік көзқарасы бойынша сотталған және аталған орталыққа көмекке жүгінген азаматтардың 99 пайызының дұрыс тәрбие алмағаны белгілі болды.
Темір Құсайын.
Дерек: batysnewskz.kz.
Сурет: muftyat.kz.
• 03 Наурыз, 2016
Оралда балалары Сирияға кеткен ата-аналар насихат жұмыстарын жүргізуде

Қостанайда білім бөлімінің басшысы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды
Қоғам • Бүгін, 21:35
Иран мен АҚШ келіссөздерінің тоқтауы мұнай бағасын күрт өсірді
Экономика • Бүгін, 21:05
Семейде шаруашылық тауарлары сақталған қойма өртенді
Қоғам • Бүгін, 20:40
Үкімет Степногорск пен Көкшетаудағы жылу желілерін жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлді
Қоғам • Бүгін, 20:27
Мемлекет басшысы Италия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 20:25
Кипр Президенті Никос Христодулидис Қазақстанға ресми сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 20:20
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының кезекті тобы әкелінді
Экология • Бүгін, 19:48
Ерлан Қарин: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қоғамдық қозғалысқа айналды
Қоғам • Бүгін, 19:27
Президент «штрафстан», «айыппұлстан» туралы айтқандарды қатаң сынға алды
Қоғам • Бүгін, 18:50
Қазақстанға аптап ыстық келе жатыр: Маусымда ауа температурасы +46°C-қа дейін көтеріледі
Ауа райы • Бүгін, 18:20
Қордай маңындағы қайғылы жол апаты: Бір адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 18:00
БҚО-да балалар лагеріне жұмысқа тұрмақ болғандардың бұрын сотталғаны анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:56
Субұрқақта шомылудың денсаулыққа қандай зияны бар?
Қоғам • Бүгін, 17:42
Алматыдан Гонконгке тікелей әуе рейсі ашылады
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:40
Президент «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды
Президент • Бүгін, 17:19