04 Наурыз, 2016

Сайлау заңдылығы сақталады

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бас прокурор А.ДауылбаевКеше  еліміздегі мерзімінен бұрын өтетін Парламент сайлауын бақылау жөніндегі Адам құқығы және демократиялық институт бюросы жөніндегі миссия басшысы Борис Фрлецпен кездесті. Кездесу барысында А.Дауыл­баев азаматтардың сайлау құқын қамтамасыз етудегі атқарылып жат­қан жұмыстар туралы және сайлау процесіне қатысты өтініш­терді қарау жайында айтып берді. Қазақстандық Бас проку­рор қадағалау қызметінің негізгі мақсаты ретінде заң бұзушы­лықтарға жол бермес үшін алдын ала түсіндіру жұмыстарына басым­дық беріліп отырғанына тоқталды. Ал өз кезегінде Б.Фрлец Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауына дайындық және оны өткізу бойынша ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мис­сиясының қызметі мен міндет­тері туралы айтып өтті. Осы­лайша екеуара пікір алмасу арқылы Б.Фрлец өзінің көкейкесті сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алып, алдағы сайлау науқанының толық заңға сай қамтамасыз етілетініне көзі жетіп, сындарлы әңгіме үшін алғысын білдірді. «Егемен-ақпарат».