АСТАНА. 6 наурыз. Футбол қауымдастықтарының халықаралық кеңесі (ИФАБ) аталған спорт түріне қатысты бірқатар жаңа ереже қабылдады. Бұл туралы euronews.com-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Атап айтқанда, ұйымның атқарушы комитеті ойын кезінде талас тудырған жағдайды бейнеқайталаудан қарап, шешім шығаруды сынақтан өткізуді мақұлдады. Сондай-ақ, «үш есе жазалау» деп аталып кеткен, жаза түрін жеңілдету және қосымша уақытта төртінші ойыншыны алмастыруға рұқсат беру мәселелері де өз шешімін тапты.
Жаңа ережелер туралы ФИФА президенті Джанни Инфантино: «Біз футбол үшін тарихи шешімдерді қабылдадық. Бүгінде ФИФА мен ИФАБ ұзақ уақыттан бері шешімін таппай келе жатқан мәселелерге байланысты пікірталастар жүргізуде. Осы ретте біз бірінші кезекте жанкүйерлер мен ойыншылардың пікірлеріне құлақ асатынымызды айтқым келеді. Біз өте өзекті мәселені қолға алдық. Технологияның күн санап дамып, жаңарып жатқанына көз жұмып қарауға болмайды. Алайда, бұл аталған шешімдердің бәрі бірден жұмыс істеп кетеді деген сөз емес. Аталған ережелер әзірге сынақ ретінде қолданылады. Өйткені, футболдың өзіндік бояуы мен ерекшелігін сақтау кезінде аса сақтықпен қимылдауымыз керек», – деді.
Бейнеқайталау сынағы екі жыл көлемінде әртүрлі чемпионаттарда тәжірибеден өткізіледі. Ол негізінен қақпаға доптың енгендігі туралы, ойыншыны алаңнан қуғанда, пенальти белгілеген сәтте және төрешінің футболшыны анықтау барысында жіберген қателігіне байланысты туған талас кезінде қолданылады.
Одан бөлек, ең қатаң ереже – «үш есе жазалау» да жеңілдейтін болады. Енді бұрынғыдай қатар қолданылатын пенальти, ойыншыны алаңнан қуу және бірнеше ойыннан шеттету (дисквалификация) жазасы, тек қызыл қағаз бен он бір метрліктен тұрады. Ал ойыншыны алмастыру мәселесінде осыған дейінгі негізгі уақытта үш ойыншыға дейін ауыстыру мүмкіндігі сақталып қалды. Тек қосымша уақытта ғана төртінші ойыншыны алаңға шығаруға рұқсат беріледі.
Еламан Қоңыр.
Дерек: euronews.com.
Сурет: sport-express.ru.
• 06 Наурыз, 2016
Енді футбол ойынында төрт ойыншыға дейін алмастыруға болады

Табысты растау міндетті болады: 1 шілдеден бастап ипотека беру тәртібі өзгереді
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30