АСТАНА. 6 наурыз. ВТБ Бірыңғай лигасында ел намысын қорғайтын «Астана» баскетбол командасы Беларусь астанасы – Минск қаласында жергілікті «Цмоки-Минскпен» кездесіп, 83:87 есебімен жеңілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ойынды қос команда да өте белсенді бастады. Алаң иелері негізінен алыстан лақтыру әдісін қолданса, астаналықтар көбіне екі ұпайлық лақтырыстарға иек артты. Нәтижесінде бірінші кезеңде біздің жігіттер 19:17 есебімен басым түсті.
Есесіне, екінші кезеңде белорустар басымдықты өз қолдарына алып, бірнеше нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Соның арқасында үлкен үзіліске «Цмоки-Минск» жалпы есеп бойынша жеңімпаз ретінде аттанды (41:34).
Үшінші кезеңде ойын өрнегі тең жағдайда өрбіп, қос команда 26 ұпайдан жиналды. Ал соңғы кезең «Астананың» пайдасына 23:20 есебімен аяқталды. Алайда, екінші кезеңдегі басымдық өз жемісін беріп, минскіліктер жалпы есепте жеңіске жетті.
Матч барысында «Астана» сапынан Кэннет Хэйс ең нәтижелі ойыншы атанды. Ол 40 минутта 24 ұпай жинаған болатын. Енді Рамунас Бутаутастың шәкірттері келесі кездесулерін 13 наурызда өз алаңында Чехияның «Нимбурк» командасымен өткізеді. Аталған ойын Қарағанды қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде ойналатынын атап өткен жөн.
Бүгінде ВТБ Бірыңғай лигасының турнир кестесінде «Астана» 16 команданың ішінде 15-орында тұр. Сондай-ақ, елордалықтар осымен қатарынан алтыншы рет жеңіліп отырғанын айта кетейік.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: bcastana.kz.
• 06 Наурыз, 2016
«Астана» баскетбол командасы «Цмоки-Минсктен» жеңілді

Табысты растау міндетті болады: 1 шілдеден бастап ипотека беру тәртібі өзгереді
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30