10 Наурыз, 2016

Елшімен кездесті

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев Жапония елшісі Масаеси Камохарамен оның біз­дің еліміздегі дипломатиялық қызметінің аяқталуына бай­­ланысты кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Төрағаның орынбасары Қазақ­стан мен Жапония ара­сын­дағы түрлі саладағы ынты­мақ­тастықты нығайтуға бағытталған белсенді және нәтижелі қызметі үшін дип­ломатқа алғыс айтты. А.Бейсенбаев «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен Бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындаудың негізгі мәселелеріне негізделген Сенаттың заң шығару жұмысымен таныстырды. Кездесу барысында ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы ынтымақтастықтың мәселелері де талқыланды. «ЭКСПО-2017: болашақтың энергиясы» халықаралық көрмесіне қолдау білдіргені үшін Жапония үкіметіне ризашылық білдірген Төрағаның орынбасары Астанада жапон компаниялары өздерінің жаңа жетістіктерін көрсету үшін көрменің мүмкіндіктерін барынша пайдалана алатынын жеткізді.