ОРАЛ. 10 наурыз. Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында құтырған ит адамға шауып, жас баланы қауып алды. Бұл туралы batysnewskz.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Абырой болғанда, дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында баланың денсаулығына айтарлықтай зиян келген жоқ. Ата-анасы ауруханаға оны жедел жеткізіп, ем қабылдаған. Соның арқасында вирус ағзаға тарап үлгермей тұрып, қатердің көзі жойылған. Ал ветеринарлардың бақылауына алынған ит вирустың ушығуынан 10 күннен соң өліп қалған.
Айта кетейік, бұған дейін аталған ауданда екі жануардың құтыруға шалдыққаны анықталған. Оның бірі – жабайы түлкі екен. Үй ауласына қорықпастан еніп, айбат шеккен хайуанды тұрғындардың бірі ұрып өлтірген.
Жүргізілген сараптамадан соң оның да құтырғаны анықталып, қауіпсіздік шарасы қолданылған. Сала мамандары осындай жағдайларға куәгер болып немесе зардап шеккен жағдайда жедел ақ халаттылар мен ветеринарларға хабар беру қажеттігін ескертеді.
Темір Құсайын.
Дерек: batysnewskz.kz.
Сурет: gorlovka.today.

Қостанайда білім бөлімінің басшысы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды
Қоғам • Бүгін, 21:35
Иран мен АҚШ келіссөздерінің тоқтауы мұнай бағасын күрт өсірді
Экономика • Бүгін, 21:05
Семейде шаруашылық тауарлары сақталған қойма өртенді
Қоғам • Бүгін, 20:40
Үкімет Степногорск пен Көкшетаудағы жылу желілерін жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлді
Қоғам • Бүгін, 20:27
Мемлекет басшысы Италия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 20:25
Кипр Президенті Никос Христодулидис Қазақстанға ресми сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 20:20
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының кезекті тобы әкелінді
Экология • Бүгін, 19:48
Ерлан Қарин: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қоғамдық қозғалысқа айналды
Қоғам • Бүгін, 19:27
Президент «штрафстан», «айыппұлстан» туралы айтқандарды қатаң сынға алды
Қоғам • Бүгін, 18:50
Қазақстанға аптап ыстық келе жатыр: Маусымда ауа температурасы +46°C-қа дейін көтеріледі
Ауа райы • Бүгін, 18:20
Қордай маңындағы қайғылы жол апаты: Бір адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 18:00
БҚО-да балалар лагеріне жұмысқа тұрмақ болғандардың бұрын сотталғаны анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:56
Субұрқақта шомылудың денсаулыққа қандай зияны бар?
Қоғам • Бүгін, 17:42
Алматыдан Гонконгке тікелей әуе рейсі ашылады
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:40
Президент «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды
Президент • Бүгін, 17:19