АСТАНА. 15 наурыз. Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Кездесу барысында Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысына бұрын берілген тапсырмалардың орындалуы, компанияны трансформациялау бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
Қазақстан Президенті біздің республика әлемдегі толық өндірістік цикл құруға ұмтылып отырған ірі уран өндіруші ел екенін айтты.
«Компания елдің маңызды активі саналады. «Қазатомөнеркәсіптің» әртүрлі бірлескен кәсіпорындарда қатысу үлесі бар, олардың біразы бойынша серіктестер мойындарына алған міндеттемелерін орындамайды. Осыған байланысты олардың өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету керек, немесе активтерді мемлекет мүддесі үшін қайтару мүмкіндігін қарастыру қажет», – деді Мемлекет басшысы.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы әлеуметтік нысандардың жергілікті атқарушы органдар қарауына берілгені, кәсіби бағдарға жатпайтын 11 кәсіпорынның бәсекелестік ортаға шығарылғаны және өткен жылдың қорытындысы бойынша уран өндіруші кәсіпорындар кеңселері өндіріс орналасқан өңірлерге көшірілгені туралы баяндады.
Асқар Жұмағалиев трансформация бағдарламасы аясында қабылданған кешенді шаралар нәтижесі бойынша «Қазатомөнеркәсіп» өндірістік өзіндік құнды 16 миллиард теңгеге төмендеткенін, ал компанияның экономикалық қосылған құнын 17 миллиард теңгеге жуық өсіргенін айтты.
Ұлттық компания басшысы Елбасыға өндірісті әртараптандыру үшін қабылданған, атап айтқанда, АЭС отынын өндіру зауытының құрылысына дайындық шаралары туралы баяндады.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18