15 Наурыз, 2016

Алматыда студенттерге арналған «Керемет» орталығы ашылды

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-03-2016 keremet 1АЛМАТЫ. 15 наурыз. Қаланың 1000 жылдығына орай «1000 қайырымды іс» жобасының аясында «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл туралы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілішісі хабарлады. Орталықтың ішінде сұлулық салоны, кір жуатын орын, кітап дүкені, фотостудия, медициналық орындар, студенттік кафе, дәріхана, тігін бөлмесі, сондай-ақ, аяқ киім шеберханасы да жұмыс істейді. Орталық Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Бақуатты қоғам құру» тұжырымдамасын негізге ала отырып жүзеге асты. Жаңа ғимарат мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынған. Өткен жылы осындай тәсілмен жаңа кітапхана ғимараты пайдалануға берілсе, алдағы жылы бассаейндер де іске қосылатын болады. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметі. 15-03-2016 keremet 2