Кеше Тұңғыш Президент – Елбасының кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов пен Румыния Парламенті Депутаттар палатасы төрағасының орынбасары Флорин Иордакенің кездесуі болды.
Кездесуде Ералы Тоғжанов Ассамблеяның жұмысымен меймандарды таныстыра келіп: «Біз қазақстандық модельді БҰҰ мінберінен, ЕҚЫҰ-ның 56 мүшесінің қатысуымен Копенгаген мен Варшавада көпшілік назарына ұсындық. Жұртшылық тарапынан қызығушылық аса зор. Тек соңғы жылдың өзінде біздің тәжірибемізді зерделегісі келген 26 елдің делегациясымен кездестім. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі бірлікті дәріптейтін, оның оң істеріне ұйытқы болатын Пирамиданы – Бейбітшілік және келісім сарайын салғызды. Қазір әрбір облыс орталықтарында Достық үйлері бар. Онда еліміздегі барлық этномәдени бірлестіктер жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі күні Қазақстан аумағында 920 этномәдени бірлестік бар. 6 ұлттық
театр, 37 түрлі тілде бұқаралық ақпарат құралы, 192 этностардың тілдерін үйрететін орталықтар жұмыс атқарады», – деп ҚХА аясындағы істердің ауқымы өте кең екенін қонақтарға жеткізіп, қазақ халқының ежелден меймандостығын, тыныштықты ту еткен халық екенін айтты.
Әр этностың дәстүрі мен мәдениетін сақтаудың маңызына тоқталған Ералы Тоғжанов бүгінгі күні Қазақстанда 20 мың румын мекендейтінін, олардың басым бөлігі Қарағанды аймағына қоныстанғанын айтты.
Флорин Иордаке делегация құрамымен таныстырып өтті. Олардың арасында Румыния Парламенті Депутаттар палатасындағы аз ұлттар мәселесі жөніндегі парламенттік топтың мүшесі, Түрік-мұсылман және татар демократиялық партиясының мүшесі, татар бауыр Әмет Варол бар екен. Осы сәтте: «Қазақ пен татар бір-бірімен кездескенде «исәнбісіз» деген, исәнбісіз сізбен біз аудармашысыз-ақ түсінісетін шығармыз», – деп меймандарды бір күлдіріп алды Е.Тоғжанов.
«Біздің Румыния Парламентінде аз ұлттардың өз үні бар, яғни арнайы квота арқылы олар депутат болып сайланады. Ал менің Парламенттегі міндетімнің бірі халықаралық байланыстарға қатысты, сондықтан да, Қазақстан мен екі арадағы қатынастардың қанатын кеңейте түсуі, оның түрлі бағытты – саяси-экономикалық, гуманитарлық, мәдени салаларды қамтуы маңызды. Румыния бұл ретте Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы мықты көпірдің қызметін атқарғысы келеді», – деген Флорин Иордаке қазіргі күні румыниялық өз әріптестерінің біразы халықаралық ұйымдар аясында жақында өтетін сайлауға байқаушы ретінде қатысып отырғанын да жеткізді.
Кездесуге қатысушылар халықаралық әріптестік аясында ҚХА мен өзара іс-қимыл мәселесін талқылай келе, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне тоқталды. Біздің тараптан ҚХА мүшелері, Парламент Мәжілісінің V шақырылымының депутаттары Ахмет Мурадов, Юрий Тимощенко, «Буковина» румын мәдени бірлестігінің төрайымы Аурика Дяк сөйледі.
Ф. Иордаке Қазақстанның этносаралық келісім саласындағы оң тәжірибесін және Қазақстанда жүргізіліп отырған бейбітшілік пен келісім саясатын Румынияның жоғары бағалайтынын жеткізді.
Кездесу соңында қос тарап кәдесыйлар алмасты.
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».

200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48
Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Тұлға • Бүгін, 13:30
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 13:26
Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты
Экономика • Бүгін, 13:18
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Әлем • Бүгін, 13:08
Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29