Референдум – ең озық демократиялық құрал
Турат АКИМОВ, «Деньги & власть» іскерлік газетінің бас редакторы, Қырғызстан: – Президент Назарбаевтың өкілеттігін ұзартуға байланысты референдум өткізу туралы қоғамдық бастама Қазақстанда алға жылжу мен жаңару жолын анықтаған жалпымемлекеттік саясатқа деген түсіністіктің бар екенін білдіреді. Өткен жылдың маусым айында бізде, Қырғызстанда да жаңа конституцияны қабылдау бойынша референдум өткізіліп, онда өтпелі кезең президенті Роза Отунбаеваның өкілеттігі бекітілді. Біз ол кезде референдумды жалпы халықтың қалауын білудің тиімді тетігі ретінде таңдадық. Сондықтан қазіргі таңда референдумнан артық демократиялық құрал әлі табылған жоқ. Алексей ВЛАСОВ, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси үдерістерді зерделеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының директоры: – Өтпелі кезеңде маңызды саяси шешім қабылдауда референдум сияқты демократиялық құрал ғана, әсіресе, аз уақыт бұрын тәуелсіздікке ие болған жас мемлекеттер үшін ең тиімді тәсіл болып саналады. Ал президенттік өкілеттікті ұзарту мәселесі бойынша референдум өткізу бастамасы көтерілген Қазақстан жағдайына келетін болсақ, бұл толықтай қолданыстағы Конституциямен, ең бастысы – халықтың қалауымен сәйкес келеді. Исмаил АГАКИШИЕВ, Ресей-Әзірбайжан сараптау кеңесі бас директорының орынбасары, Әзірбайжан: – Сіздердің мемлекетте тәуелсіздік алған уақыттан бастап Нұрсұлтан Назарбаев жүзеге асырып жатқан саяси және экономикалық реформалардың жан-жақты ойланылған әрі тиімді үлгісі Қазақстанның одан әрі тұрақты дамуының негізі деуге болады. Сондықтан референдум өткізу – бұл, ең алдымен, жалпыұлттық мақсаттарға жету үшін бүкіл қоғамның өз Көшбасшысының айналасына бірігіп, оған тұрақтылықтың кепілі ретінде қолдау көрсетуі болып есептеледі. Захар ВИНОГРАДОВ, «Новости» РАА-ның Украинадағы өкілдігінің басшысы, Украина: – Бүгінгі күні Қазақстан халқы тағы да Тұңғыш Президентінің идеясы аясында топтасып, алдағы уақыттағы тағдырларын да сеніп тапсыру тілегін жеткізді. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жаңа онжылдықта дамытудың айқын әрі жүзеге асырылатын стратегиясын ұсынып отыр. Себебі, Украина мемлекетінің алдында әлі күнге дейін жаңа қоғамдық-саяси жағдайда біріктіретін идеологиялық және құнды бағыттарды анықтау мәселесі тұр. Осы жағынан алғанда, Қазақстанның тәжірибесі Украинаға да саяси тұрақтылық формуласын табу үшін өте маңызды болмақ. Андрей МЕДВЕДЕВ, «Политконтакт» саяси технологиялар орталығының атқарушы директоры, Ресей: – Референдум өткізбеу мүмкін емес. Ақиқатына жүгінсек, «төменнен» басталып отырған бұл бастама, шын мәнінде, тікелей бүтін бір ұлттың тілегі емес пе. Оның үстіне, Қазақстанның қазіргі Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – халықтың шексіз сеніміне ие болған адам. Ол – мемлекеттің тұрақты алға басуының кепілі саналып, туған халқымен бөлінбейтін, біртұтас байланысқа түскен ТМД мемлекеттері ішіндегі санаулы көшбасшылардың бірі. Александр ЦИНКЕР, Электоральді жүйелер жөніндегі халықаралық сараптау орталығының (ICES) президенті, Шығыс Еуропа және ТМД елдері институтының директоры, Израиль: – Референдум өткізу кең қолданылатын демократиялық үрдіс болып табылады. Әлемде мемлекет басшысының өкілеттігін ұзарту бойынша референдум өткізген 30-дан астам дерек бар. Референдум плебисцитарлық демократия теориясы аясында саяси акт ретінде негізге алынады. Ол шындығында Батыс және Шығыс Еуропа елдерінің барлығында пайдаланылған.Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Президент • Бүгін, 14:09
Қызылордада 504 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 13:24
Президент Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Президент • Бүгін, 13:01
Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты
Президент • Бүгін, 12:41
Биыл Алматы облысында 57 мың жұмыс орны ашылды - Марат Сұлтанғазиев
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Мемлекет басшысы: «Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі»
Президент • Бүгін, 11:56