ҚОСТАНАЙ. 18 наурыз. Қостанай қаласында Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мен «Казпошта» акционерлік қоғамы Қостанай облыстық филиалы бірлескен «Азаматтарға көмек» шарасын өткізді. Бұл туралы Қостанай облыстық мемлекеттік қызмет департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жөнінде және жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қоғамдық қабылдау аясында Мемелекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Әсет Досекенов және аталған департамент басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Асхат Ескендіров азаматтардың сауалына жауап беріп, біліктілік жәрдемін көрсетті.
Қостанайлықтар мұндай шараларды жиі өткізу керектігін атап өтсе, шараны ұйымдастырушы мемлекеттік қызметкерлер әр келіп түскен сұрақ-сауалдар бойынша толықтай жауап беріп және азаматтардың сұрақтарында айтылған мәселелер мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік органдарға ұсыныс ретінде жіберілетіні жөнінде айтып кетті.
Қостанай облыстық мемлекеттік қызмет департаменті басшысының орынбасары Әсет Досекенов: «Қоғамдық қабылдаулар, семинар-отырыс және тағы басқа шаралар азаматтарға толықтай ақпарат жеткізіп, азаматтық қоғам мен мемлекет арасын барынша жақындастыра түсуге ықпал етеді», – деді.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43
Петропавлда мемлекетке 2 млрд теңге залал келтірген лауазымды тұлға қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 10:15
Зеленский: Трамп факторы Украинаға толық қауіпсіздік кепілі бола алмайды
Әлем • Бүгін, 10:03
Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Оқиға • Бүгін, 09:56
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:39
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:28
Қаржы • Бүгін, 09:21
Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады
Қоғам • Бүгін, 09:05
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Білім ошағындағы бірегей думан
Мектеп • Бүгін, 08:00
Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше