19 Наурыз, 2016

Халықаралық байқаушылармен кездесті

249 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Төрағасы Қ.ТОҚАЕВ2Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс сайлауын байқауға қатысушы шетелдік парламентшілермен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Румыния Парламенті Де­пу­таттар палатасы төрағасының орын­басары Флорин Иордакемен кездесу кезінде екі елдің өзара пар­ламентаралық іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланды. Қ.Тоқаев Румыния Сенатының Төрағасы К.Попеску-Тэричануды Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Төраға Мәжілістің жаңа құрамы шақырылғанға дейін­гі бүкіл Парламенттің заң шыға­ру міндетін атқарып келе жат­қан Қазақстан Сенатының қазір­гі қызметі, сондай-ақ, еліміз­дегі ауқымды институттық рефор­маларды іске асыру туралы айтып берді. «Президент Н.Назарбаевтың Ұлт Жоспары экономикалық даму мен саяси тәуелсіздіктің берік кепілі болып табылады», –деді Төраға. Қ.Тоқаев Қазақстандағы сайлау ашық әрі әділетті, ұлттық заңнама мен халықаралық стандарттарға сәйкес болатынын атап өтті. Ф.Иордаке Қазақстандағы сайлауалды жақсы ахуалды атап өтті. «Сіздердің елдеріңізді соңғы жылдарда жүзеге асқан маңызды реформалармен құттықтаймыз. Қазақстан қазіргі кезде аймақтағы жетекші экономика болып табылады. Өз кезегінде Румыния ын­ты­мақтастықты нығайту үшін күш сала отырып, Еуропалық одақ пен Орталық Азия арасындағы көпір болуға әзір», – деді Румыния Пар­ламенті Депутаттар палатасы төрағасының орынбасары. Қ.Тоқаевпен кездесуде Бол­гария Республикасы Ұлттық жиналысының депутаты, ЕҚЫҰ ПА Миссиясының байқаушысы Десислава Атанасова да жан-жақ­ты ынтымақтастықты одан әрі нығайту жайында айтты. Оның пікірінше, мемлекеттің өркен­деуінде күшті әрі сарабдал көш­басшылықпен байланысты. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ел ішіндегі халықты бі­ріктіріп, күрделі геосаяси үде­рістерде маңызды рөл атқарады, – деді депутат. Болгария Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжі­лістегі өкілдігінің ерекше тәжі­рибесін егжей-тегжейлі зерделеу­де. Болгария тарапы Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді Қазақстан Сенатының ратификациялауын құптады. Сол күні Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттары АҚШ, Польша және ТүркПА байқаушыларымен де кездесті.