ҚОСТАНАЙ. 19 наурыз. «Варваринское» акционерлік қоғамы мен Қостанай облыстық әкімдігі арасында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Меморандумға «Варваринское» өндіріс кәсіпорнының бас директоры Симон Александр мен облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қол қойды. Меморандум шеңберінде жүзеге асатын әлеуметтік жобалар үшін «Варваринское» облысқа 136,5 миллион теңге аударатын болды. Балалар футбол командасын дамытуға осы қаржының 123 миллион теңгесі жұмсалмақ, 5 миллион теңгесіне Лисаков қаласындағы техникалық колледждің материалдық-техникалық базасын жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Қалғанына басқа да әлеуметтік жобалар жүзеге асырылмақ.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Варваринское» өндірісін дамыту мәселелеріне тоқталды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов: «Компания басшылығы кенді өңдеудің аймақтық желісін құру жұмыстарын жүргізіп отыр. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары кәсіпорындарымен, біздің облыстағы «Орион минералс» жауапершілігі шектеулі серіктестігімен кенді алдағы уақытта өңдеу үшін алыс-беріс жасауға келіссөз жүргізіліп жатыр. Өндіріс өнімін осылай арттырып, оның бағасын өсіру біздің облыстың да әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң ықпал жасайтын болады», – деді. Сонымен қатар аймақ басшысы қазіргідей күрделі уақытта өндіріс кәсіпорнының ырғақты жұмыс істеуі үшін мәселелердің шешімін табуына қолдау көрсететін де айтты.
Еске сала кетсек, алтын өндіретін «Варваринское» кен кәсіпорны облыстың экономикалық-әлеуметтік дамуына осы уақытқа дейін 564,9 миллион теңге инвестиция салды. Соның арқасында Тобыл поселкесіндегі амбулаторияға медициналық жабдықтар алынды, Қостанай қаласындағы спорт алаңдары, Лисаков қаласындағы бокс рингі салынды.
«Варваринское» акционерлік қоғамының бас директоры Александр Симон: «Біздің кәсіпорында еңбек ететін адамдар жақын поселкелер мен қалалар тұрады. Сондықтан сол қала мен посекелерге салған қаржыны біз өз жұмысшыларымызға жасаған әлеуметтік қамқорлығымыз деп білеміз», – деді.
2009-2014 жылдар арасында бұл өндіріс кәсіпорны бюджет пен бюджеттен тыс қорларға 40,7 млрд. теңге салған. 2015 жыл қорытындысы бойынша төлемдері 2,7 млрд. теңгеге артқан.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 19 Наурыз, 2016
Қостанайда әлеуметтік жобаларға 136,5 млн. теңге аударылмақшы

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48