АСТАНА. 19 наурыз. Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия құрлығы бойынша Олимпиадаға іріктеу турнирінің алғашқы жарыс күні екі отандасымыз Ойындар жолдамасын жеңіп алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Еркін күрестен 74 кило салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық палуан Ғалымжан Өсербаев турнир жеңімпазы атанып, Рио-де-Жанейро Олимпиадасына бару мүмкіндігіне қол жеткізді. Финалға дейін барлық қарсыласынан басым түскен ол шешуші белдесуде жапон палуаны Сохсуке Такатанимен кездесуі керек болатын. Алайда, жапониялық жарақатына байланысты кездесуден бас тартып, күміс жүлдемен шектелді. Дегенмен, оның да финалға дейін сүрінбей жеткені үшін Олимпиада жолдамасын иемденгенін атап өткен жөн.
Құрама қоржынына түскен екінші жолдаманы әйелдер күресінде 69 килода сынға түскен Эльмира Сыздықова алды. Бір қызығы, Эльмира да финалда жапониялықпен кездесті. Алайда, бұл жолы жапон қызы Саре Дошоның мерейі үстем болып, турнир чемпионы атанды. Біздің қыз күміс жүлдемен шектелгеніне қармастан, басты міндетті орындап, Олимпиадада өнер көрсету құқығына қол жеткізді. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: zhusan.kz.
Спорт • 19 Наурыз, 2016
Екі қазақстандық күрес түрлерінен Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48