19 Наурыз, 2016

Қызылорда облысында Қалтай Мұхамеджановтың ескерткіші ашылды (фото)

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19-03-2016-eskertkichАСТАНА. 19 наурыз. Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанның Халық жазушысы, драматург Қалтай Мұхамеджановтың туған ауылы Сырдария ауданына қарасты Шіркейліде ескерткіш бюсті ашылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, сырдариялықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. «Наурыз мерекесін елдік маңызы зор, тәрбиелік мәні бар шарадан бастап отырмыз. Алаштың анасы атанған Сыр елі ұлт тарихы мен руханиятымызда ерекше орны бар, талай қайраткерлер мен зиялыларды туғызған қасиетті топырақ. Сырда туып, қазақтың Қалтайы атанған атақты драматургқа қойылған ескерткіш ауыл көркіне көрік қосып, жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыратыны анық. Осы қуаныштарыңыз құтты болсын! Жыл басы отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін», – деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. Айта кетейік, мерекеге орай орталық алаңда күрес, гір тасын көтеру сияқты спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары үшін өнерпаздар концерт қойып, келген қонақтар киіз үйлерден дәм татты. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: egemen.kz. 19-03-2016-eskertkich1 19-03-2016-eskertkich2 19-03-2016-eskertkich4 19-03-2016-eskertkich3