НАУРЫЗ
Тоңғандар тұрмай төсектен,
Қарытқан сыртта қар-мұзың.
Көгілдір көрпе төсеткен,
Көктемнің басы – Наурызым!
«Ибалы қолдай епті» деп,
Үй басы тойлап айттайды.
«Иттігін жасап кетті» деп,
Ит жылын халық айтпайды.
«Қараша қаздар келді», – деп,
Ызғары қыстың қайтпайды.
«Жыландай суық болды», – деп,
Жыланды халық айтпайды.
«Жылдарға сенген елі», – деп,
Көлденең сөзден ақтайды.
«Доңыздай долы еді», – деп,
Доңызды халық айтпайды.
Көз салып көркем шетіне,
Көгілжім көктем көгін ұқ.
Көк майса кілем бетіне,
Көгілдір моншақ төгіліп.
Жыл басы солай деген ед,
Жылынған тағдыр әр қилы.
Жібектей самал себелеп,
Жерімнен жұпар аңқиды.
Шапағын төгіп жерге күн,
Тып-тыныш майда нұр шуақ.
Ұрпақтың жайып жөргегін,
Келінім сыртта жүрді ұзақ.
Самалын саумал ұққызып,
Жарылқап сумен жар-құзын.
Қырмызы ауа жұтқызып,
Қызғалдақ көктем – Наурызым!
Тілес ЖАЗЫҚБАЙ.
Батыс Қазақстан облысы.
НАУРЫЗ
Тоңғандар тұрмай төсектен,
Қарытқан сыртта қар-мұзың.
Көгілдір көрпе төсеткен,
Көктемнің басы – Наурызым!
«Ибалы қолдай епті» деп,
Үй басы тойлап айттайды.
«Иттігін жасап кетті» деп,
Ит жылын халық айтпайды.
«Қараша қаздар келді», – деп,
Ызғары қыстың қайтпайды.
«Жыландай суық болды», – деп,
Жыланды халық айтпайды.
«Жылдарға сенген елі», – деп,
Көлденең сөзден ақтайды.
«Доңыздай долы еді», – деп,
Доңызды халық айтпайды.
Көз салып көркем шетіне,
Көгілжім көктем көгін ұқ.
Көк майса кілем бетіне,
Көгілдір моншақ төгіліп.
Жыл басы солай деген ед,
Жылынған тағдыр әр қилы.
Жібектей самал себелеп,
Жерімнен жұпар аңқиды.
Шапағын төгіп жерге күн,
Тып-тыныш майда нұр шуақ.
Ұрпақтың жайып жөргегін,
Келінім сыртта жүрді ұзақ.
Самалын саумал ұққызып,
Жарылқап сумен жар-құзын.
Қырмызы ауа жұтқызып,
Қызғалдақ көктем – Наурызым!
Тілес ЖАЗЫҚБАЙ.
Батыс Қазақстан облысы.
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21
Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 10:09
Астанада өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 09:45
«Атырау» футбол клубының жаңа иесі анықталды
Футбол • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:07
Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше