21 Наурыз, 2016

Әділ өткеніне сенімдімін

311 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Вшивцева-1Қарағанды облысында Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Қарағанды облысы бойынша өңірлік орталығы биылғы жылдың ақпан айы­нан бері жұмыс істей бастады. Еліміздегі аса маңызды науқанның Ата Заңның аясында ашық та әділ өтуіне мүдделі бұл филиалға «Қарағанды облысының Азаматтық альянсы» қауымдастығының президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының мүшесі Наталья Вшивцева басшылық жасайды. – Біздің міндетіміз Қарағанды облысында Сайлауды байқау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын кешенді түрде қамтамасыз ету болды. Біз сайлау үдерісінің барлық кезеңіне мониторинг жасап, сайлаудың әділ, ашық түрде өтуіне және де заңдылықтың сақталуына ықпал етуге күш салдық. Сонымен қатар, біз үміткерлердің конституциялық құқықтарының бұзылмауын, олардың тең жағдайда болып, әділ түрде күресулерін байқастадық, – деп бастады бізбен әңгімесін Наталья Вшивцева. – Наталья Николаевна, Қарағанды облысында қанша сайлау учаскесі жұмыс істеді және сіз басқаратын филиалдың байқаушылары осы жауапты науқанға қандай дайындықпен келді? – Қарағанды облысында 788 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Оның ішінде 38-і кіріп-шығуы шектеулі мекемелерде орналасқан. Осы сайлау учаскелерінің барлығында біздің байқаушылар өздеріне жүктелген міндеттерді тиянақты және толыққанды түрде атқарып шықты. Жалпы, біздің байқаушыларымыз тәуелсіз, біз сайлау үдерісі кезінде қандай да бір басы бөтен шаруаларға араласқан жоқпыз. Бар күшімізді заңдылықтың сақталуын байқастауға жұмсадық. Соңғы он жыл ішінде ұйым даярлап шығарған байқаушылар президенттік, сондай-ақ Парламент сайлауларына қатысып, мол тәжірибе жинаған болатын. Сол себепті сайлау науқаны кезінде байқаушылар тарапынан кемшіліктер мен іркіліс байқалмады. – Сайлауды байқау жөніндегі респуб­ликалық қоғамдық комиссияның өңір­лік филиалы байқаушылары тара­пынан науқан барысында заңның бұзыл­ған­дығы жөнінде қандай да бір ескертулер болды ма? – Біздің жұмыстағы басты бағыттың бірі байқаушыларды тиянақты түрде даярлау болды. Бұл бағытта біз арнайы семинарлар мен тренингтер ұйымдастырдық. Сонан кейін байқаушылардың «Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жетік білуіне ерекше мән бердік. Сайлау алдында біз сайлау комиссияларының, саяси партиялардың сайлауалды штабтарының өкілдерімен кездесіп, электораттық үдеріс субъектілерінің барлығымен сын­дарлы түрде әріптестік негіздегі өз­ара қарым-қатынас орнаттық. Мұның өзі сайлау барысында кемшіліктердің, түр­лі мәселелердің орын алмауына зор ықпалын тигізді. Қолдағы бар мәліметтерге сүйене отырып, біздің Қарағанды облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутат­тарының кезектен тыс сайлауы ашық, әділ және барлық демократиялық талаптарға сай өтті деп толық сеніммен айта аламын. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан».  ҚАРАҒАНДЫ.  
Соңғы жаңалықтар

Құрметке лайық жандар

Қоғам • Бүгін, 08:50

Сезім суреттері

Көрме • Бүгін, 08:40

Шерағаң шаңырағындағы кеш

Тағзым • Бүгін, 08:35

Жарыстар күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:30