Жылдың басты саяси науқаны өз мәресіне де жетті. Сайлау барысы қалай өтті? Оған қызылордалықтар қалай атсалысты? Осы тектес сұрақтарды Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Қызылорда облысы бойынша өңірлік орталығының төрағасы Мақсұт ДОСЖАНОВҚА қойдық.
– Бүгінгі сайлаудағы қызылордалықтардың белсенділігі қандай?
–Қызылорда қаласы және жеті аудан бойынша сайлау учаскелері таңғы сағат 7-де өз жұмыстарын бастап кетті. Аймақтағы 325 сайлау учаскесінде сайлауды бақылайтын қоғамдық комиссиясының өкілдері өз куәліктерімен, әдістемелік нұсқауларымен жұмыстарына кірісті. Айта кетейін, байқаушылар қатарына ең белсенді, жауапты азаматтар мен жастар тартылды. Барлық сайлау учаскелерінде байқаушылар үшін алдын ала семинар-тренингтер өткізілді. Жалпы, жүйелі жұмыстың нәтижесінде өткен сайлауды толық назарда ұстай білдік. Жексенбі күн болғандықтан ба, таңғы сағат 9-ға дейін сайлау учаскелеріне дауыс берушілер ағылып келді. Содан соң бір жарым сағаттай адам аяғы аз-маз басылды. Ал сағат он жарымнан кейін дауыс берушілердің саны қайтадан көбейді. Сайлау учаскелерінде байқаушыларға барлық жағдай жасалған. Бір қуантарлығы, біздің елімізде сайлау мерекеге айналған десек, артық айтқандық емес. Осы жолғы сайлау да мерекелік көтеріңкі көңіл-күймен өтті. Осыған қарап, халықтың сайлауға қатысу белсенділігін байқауға болады. Облыс бойынша 400 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Сайлаудың қорытындысы бойынша біздің өңір белсенділігі жағынан республикада алдыңғы қатарда көрінеді деп ойлаймын. Келешектің кемел болуы – елдің таңдауы мен бірлігіне байланысты. Осы ретте, сырбойылықтар елдік пен бірліктің үлгісін көрсетуде.
– Сайлаудың Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келуі де жақсылықтың нышаны емес пе?
– Әлбетте, мерекеге мереке қосылып жатыр. Бұл күн «Қос тойың қабат болсын, екі дүниең абат болсын» деп тілек қылған халқымыздың ақ пейілін еске түсірді. Бір жағынан, сайлау мерекелік көңіл-күймен өтіп жатса, екінші жағынан, Ұлыстың ұлы күні де тойлануда. Салт-дәстүр ұлықталып, ұлттық ойындар ойналып жатыр. Ән-жыр шырқалуда. Оның үстіне, ауа райы да жадырап тұр. Ал шетелдік байқаушылар осының бәрін көріп «Сіздерде әр сайлау осылай өте ме?» деп таңдай қаға таңғалуда.
– Сайлау кезінде қандай да бір келеңсіздік немесе заңбұзушылық кездесті ме?
– Облыс бойынша сайлау учаскелерінің картасы жасақталған. Бақылау штабының мүшелері учаскелерді таңертеңнен бастап тынбай аралады. Бұған қоса, біздің штабқа қарасты барлық бақылаушымен Whatsap желісі арқылы онлайн байланыста болдық. Олар бізге сайлау учаскелеріндегі ахуалды сәт сайын хабарлап тұрды. Туындаған мәселе немесе сұрақ болса, сурет арқылы немесе мәтін арқылы жолдайды. Жалпы, сайлау айқай-шусыз өтті, заңбұзушылық және ерсі қылық байқалған жоқ.
– Рахмет.
Әңгімелескен
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда облысы.

Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21
Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 10:09
Астанада өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 09:45
«Атырау» футбол клубының жаңа иесі анықталды
Футбол • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:07
Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше