Міндеттерін ойдағыдай атқарды
Елдің келешек мүддесі үшін маңызды шара Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына Атырау облысында 244 байқаушы тіркеліп, олар әдістемелік семинар-тренингтерден өтті. Байқаушы өткілеттігі берілген азаматтар Парламент және жергілікті мәслихаттар сайлаулары науқанына тыңғылықты дайындалып, сайлау заңнамалар мен халықаралық талаптардың сақталуын қадағалауға бейімделді. Осыған орай Атырауда «Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқау жөніндегі республикалық комиссия» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Сұлтан Қалиевтың қатысуымен Атырау қаласында және аудандарда «Байқаушының сайлау үдерісіндегі рөлі» тақырыбында арнайы семинар өткізілді. Бұл семинардың басты мақсаты – байқаушы өкілеттігі берілген азаматтарды алдағы жауапты іске дайындау, қолданыстағы сайлау заңдылықтары мен халықаралық нормалардың сақталуын қадағалауға бейімдеу болатын. Өйткені, еліміздегі сайлау барысын байқаушы ең алдымен «Сайлау туралы» конституциялық заңды жете білуі шарт. Олардың басты міндеті –сайлау үдерісінің заңдылық талаптарға сай және әділ өтуін қадағалау. Осы мақсатта қала-аудан аумақтарындағы байқаушылар өз өкілеттілігіне сәйкес сайлау үдерісін бақылау жұмыстарын жүргізді. Біздің байқаушылар бәрі семинар-тренингтен өтті. Сонымен қатар, Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясында және сайлау учаскелерінде болып, сайлауалды дайындық жұмыстарымен танысты. Сайлау комиссиясының жұмыстары талапқа сай, өткен жылдарға қарағанда партиялар арасында сайлау мәдениетінің өскендігі, партиялардың өзара қарым-қатынасы жоғары деңгейде екені байқалды. Кеше біздің байқаушылар сайлау учаскелерінің ашылуына қатысты. Соның ішінде №43 сайлау учаскесінен Каспий теңізіндегі «Қашаған» кен орнына сайлау бюллетеньдерін тікұшақпен жөнелту үдерісіне куә болдық. Жалпы, Атыраудағы сайлау үдерісі заң талаптарына сай өтті. Шынаргүл ҚАЙЫРОВА, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Атырау облысы бойынша өңірлік орталығының төрайымы. АТЫРАУ.Ашықтық – ардың ісі
Антон ХАТЕНОВСКИЙ, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Алматы облысы бойынша өңірлік орталығының мүшесі. Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау Алматы облысының барлық елді мекендерінде заңнама талабына сай өтті. Тыныштық. Ертелете Талдықорғандағы №869 сайлау учаскесіне келгенімде екі сағаттай сирек келген ел күн көтеріле таңғы сағат 8-10 аралығында ағылып берді. Халықтың белсенділігі өте жоғары болды. Жастар да, қарт адамдар да толассыз келіп өз таңдауларын жасады. Оның бір себебі ешкімге ешқандай шектеу қойылмай, сайлаудың ашық та жариялы түрде өткізілгендігі болар деп ойлаймын. Жалпы, біздің тарапымыздан ешқандай ескертпе жасалған жоқ. Адамдар қай партияға, кімге дауыс беретіндіктері анық аңғарылып тұрды. Сөйтіп, жетісулықтар да конституциялық құқықтарына сай азаматтық борыштарын мәдениетті түрде өтеді. ТАЛДЫҚОРҒАН.