Тәуелсіздіктің 25 жылдығын ту етіп, шалғайдағы елді мекендерді бір айдан астам жүріп өткен «Мәңгілік Ел» пойызы наурыздың 18-і күні Алматының 2-ші теміржол бекетіне келіп тоқтағанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» әлеуметтік бастамасы жаршыларының қатарындағы ең үздік дәрігерлерден жасақталған топ пойыздан түсе салысымен Алматының Алғабас шағын ауданында орналасқан №29 емханаға жол тартты. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Уәлихан Ахметов еліміздің медицина саласының ең үздік дәрігерлерін қарсы алып, олардың жұмысына сәттілік тіледі.
Әріптестерімізді «Мәңгілік Ел» пойызымен үлкен қайырымдылық шарасын атқарып келген қызметімен құттықтаймыз, деді шаһардың бас дәрігері. Денсаулық сақтау басқармасы қалаға Алматы облысынан жаңадан қосылған аудандарда мекендейтін тұрғындардың денсаулығын әрдайым назарда ұстайды. Біз бұл жолы кәсіби мамандар үшін Алғабас шағын ауданындағы былтыр пайдалануға берілген №29 емхананы арнайы таңдадық. Бүгін біздің тұрғындарға әлеуметтік пойыздың мамандары мен қаланың өзге медициналық ұйымдары және республикалық ғылыми-зерттеу институттары, Ұлттық орталықтардың тәжірибелі мамандары медициналық көмек көрсетеді. Дәрігерлеріміз 9-10 шақты емхананың науқастарына алдын ала зерттеу жүргізіп, олар білікті кәсіби мамандардан кеңес алуға келді. Осылайша, «Мәңгілік Ел» әлеуметтік пойызының дәрігерлерінен 70-тен астам алматылық медициналық кеңес алды. Әсіресе, кардиолог, офтальмолог, эндокринолог және нефролог қызметіне жүгінгендер көп болды.
– Бұл игі шара Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бастамасымен елімізге енгізілген жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмектерді тек үлкен қалаларда ғана емес, шоғырланған шалғай елді мекендердегі қазақстандықтарға қолжетімділігін арттыру мақсатында жүргізілді, – деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің стационарлық көмекті ұйымдастыру басқармасының басшысы Н.Қыдырбаев.
– Шара барысында мамандар көмек сұрап келген науқастардың барлығын көріп, олардың арасынан жедел медициналық көмекті қажет ететін 400-ден астам науқасқа Астана және Алматыдағы ғылыми орталықтарында емделуге жолдама берді. Бұл істе әрі қарай бекітілген дәрігерлер науқастарға жолдама беруді жалғастырады. Сөйтіп, олар жоғары мамандандырылған ғылыми орталықтарда емделуге мүмкіндік алмақ. 2011-2015 жылдары «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында еліміздің денсаулық сақтау нысандарына көптеген технологиялар келді. Бұдан 10-11 жыл бұрын жүрек трансплантациясы сирек болса, осындай бағдарламалар мен мемлекеттік саясаттың арқасында біз үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Бүгінде барлық облыс орталықтарында жүрек, бауыр, бүйрекке операция жасалады. Бұл «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының қисынды жалғасы болып табылады. Алдыңғы бағдарламада жоғары технологиялар енгізілсе, келесі бағдарлама сақтандыру медицинасы, алғашқы медициналық көмекті дамыту, аурудың алдын алуға баулу, әркімнің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйретеді.
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21