Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі мәңгі достықтың кепілі. Біз ата-бабаларымыз басынан кешірген қасіретті ұмытқан жоқпыз. Сталиндік репрессия, басқа да қуғынға ұшыраған халықтар сияқты корей халқына да оңай тиген жоқ. Қабырғалары шұрықтесік ажал вагондарымен Қиыр Шығыстан Қазақстанға жеткенше аштықтан, суықтан жүздеген бауырларымыз жарық дүниемен қоштасып жатты. Оларды ешкім жерлеген де жоқ, өлі денелері вагоннан лақтырылып, ит пен құсқа жем болды.
Біз мұншалық қасіретті ата-аналарымыздан естіп өстік. Ол кезде олар ойын баласы болса да осының бәрін жүрегінен өткізді, ерте есейді. Атап көрсететін жайт, арып-ашқан, аштық пен аурудан ісініп кепкен бабаларымыз бен шешелеріміз таянышты қазақ халқынан тапты. Тумысынан ақкөңіл, бауырмал қазақ «бөтенсің» деп іргесін бөлектеген жоқ. Өз үйінен жай берді, жеп отырған тамағының жартысымен бөлісті.
Қазақ халқының бауырмалдығын ата-бабаларымыз осылай ризалықпен айтып отыратын. Біздің бүгінгі тірі жүргенімізге себепкер қазақ жұрты болғандықтан, қалай алғыс айтпассың?! Бұл – Қазақстанға зорлап көшірілген барша ұлттар мен ұлыстар әулетінің басынан өткен тағдыр.
Жақында оңтүстіктегі түрлі этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, өкілдері бас қосып, жиын өткіздік. Мәжіліске ОҚО аппараты басшысының орынбасары – Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов қатысып, ой-жоспарымен бөлісті. Бәріміз кеңесіп, «Қазақ халқына мың алғыс» монументін орнатуға шешім қабылдадық. Біз – Қазақстанның бір бөлшегіміз. Басқа Отанымыз жоқ. Елбасымыздың сара саясатын жүзеге асыру жолында болашағымыз біртұтас Мәңгілік Елге айналуға күш-қуатымыз жетеді. Өйткені, бізді қатал тағдыр Қазақ елімен ағайын етіп табыстырған.
Роза ПАК,
корей этномәдени бірлестігінің төрайымы.
Оңтүстік Қазақстан облысы.

Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21
Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 10:09
Астанада өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 09:45
«Атырау» футбол клубының жаңа иесі анықталды
Футбол • Бүгін, 09:24