Жасы үлкені бар, кішісі бар дегендей, Алматының түрлі ұлттан құралған тұрғындары, әр салада қызмет етіп жүрген қалалықтар биыл да жиналып, алма және басқа да ағаш көшеттерін отырғызуды жалғастыратын болды. Бастамашы топтың «Alma Qala» акциясын ұйымдастырғанына үш жылдан асты.
Нәтижесі де жаман емес. Мәселен, осы сауапты іс қолға алынған 2014 жылы акцияға 5 мыңдай адам қатысып, 9500 ағаш көшетін отырғызған болатын. Ал өткен жылы 15 мың түп дарақ отырғызылды.
Бұл бастаманың жақсы бір жері, қаланың әрбір тұрғыны осы іске үлесін қоса алады. Ағаш отырғызуды қалаған жандар жағдайына қарай, бір түп көшет сатып алып, өзі отырғызса да болады.
Ағаш көшетін қаланың кез келген базарынан, арнайы өсімдік-ағаш дүкендерінен немесе тәлім бақтардан алуға болады. Ал акция ұйымдастыру комитеті бірқатар тәлім бақпен келісімге келген – олар акция науқанында көшеттерді төмен бағамен сатады.
Ал енді ағашты да көрінген жерге отырғыза салуға болмайтыны белгілі. Сондықтан бастамашы топ көшетті аулада отырғызарда көршілерімен, баласы оқитын мектепте мұғалімдерімен, кеңсе маңында басшылармен ақылдасып алуға кеңес береді.
Сонымен «Алма-Qala-16» акциясы 2016 жылдың 12 наурызынан басталып, 24 сәуірге дейін созылады. Іс-шара жалпы Алматы қаласы бойынша өтеді.
Өткен жылы аталмыш акцияны Астана, Шымкент, Көкшетау қаласының тұрғындары қолдаған болатын. Бұл бастамаға қазір «Парыз» қоғамдық қайырымдылық қоры мен «Я-алматинец» қоғамдық қозғалысы және Сергей Терещенко сияқты кәсіпкер, белгілі қоғам қайраткері қолдау көрсетуде.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Кеше
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Кеше
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Кеше
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Кеше
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Кеше