22 Наурыз, 2016

* Басқа басылымдардан

244 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
 итар тассРекордтық көрсеткіш – халық бірлігінің өлшемі Қазақстанда жексенбі күні болып өткен Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау әлемнің көптеген бұқаралық ақпарат құралдарының өзекті тақырыптарының біріне айналып отыр. Олар мұнда негізінен электораттың 77 пайыздан астамының сайлауға келіп, өз таңдауларын білдірулері Парламент сайлауы тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш екенін атай отырып, мұның өзі халықтың бірлігі мен ынтымағының жарқын көрінісі болып табылатынына назар аударуда. Парламент сайлауы ашық та демократиялы болды Ресейдің ең ауқым­ды да бедел­ді ақпарат агенттігі Қазақстан Мәжілісінде (төменгі палата) өткен кезектен тыс сайлаудың «ашық, еркін, демократиялы» болғанына ерекше мән берілді. Мұны интернет-басылым тілшісі Шанхай ынтымақтастық ұйымының сайлауларды бақылау жөніндегі миссиясының жетекшісі Азиз Носировтың мәлімдемесіне сүйеніп жеткізді. ШЫҰ миссиясының мәлімдемесінде сай­лауға дайындық пен өткізу мониторингінің қорытындылары бойынша «ешқандай тәртіп бұзушылықтың орын алмағаны» атап көрсетілген. Ұйым бақылаушылары осыған орай «сайлаудың құқықтық базасы сайлау процесі субъектілері үшін қажетті жағдайларды жасап, еркін дауыс берудің немесе бермеудің, сайланудың немесе сайланбаудың, жасырын дауыс беру процедурасын пайдалану арқылы өз еркін білдірудің құқығы мен мүмкіндіктеріне кепілдік жасағанын» қадап айтады. Агенттік тілшісі миссия мүшелерінің сайлау барысында Қазақстанның әртүрлі қалалары мен аудандарында орналасқан 65 сайлау учаскесінде болғанын баяндайды. Миссия «азаматтардың дауыс беру барысындағы жоғары белсенділіктерін» атап өтпей тұра алмайды. Носировтың айтуынша, «миссияның жұмысы барысында оның тарапына ешқандай арыз-шағым мен ескертпелер түспеген», дауыс санау кезінде «тәртіп бұзушылық» анықталмаған. ШЫҰ-ның Қазақстандағы миссиясы құра­мында 9 бақылаушы бар. Олар – Ресей, Қыр­ғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қытай елдерінің өкілдері. Ал Қазақстандағы сайлауға барлығы 817 шетелдік байқаушы қатысқан. «Орталық сайлау комиссиясы түпкілікті нәтижелерді 26 наурыздан қалдырмай жариялайды», – делінген хабарламада. Без имени-10Қазақстандағы сайлаудың әділ өткенінде күмән жоқ Ресейдің ақпа­рат әлеміндегі ке­лесі бір қуатты агент­тігі – «Лента.Ру» Қазақстандағы Парламент Мәжілісінің сайлауы ашық та әділдік салтанат құрған қалыпта өткенін алға тартады. Басылым тілшісі бұл ретте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билік басындағы «Нұр Отан» партиясының штабына барған кезінде айтқан сөздерінен дәйектеме келтіреді. «Жалпыұлттық экзит-поллдың нәтижелеріне сәйкес, партия сайлаушылардың 82 пайыздық даусын алған», – деп атап көрсетеді агенттік тілшісі. Бұдан әрі Президенттің сайлау нәти­жесін бүкіл халықтың жеңісі деп бағалап, жинал­ғандарды жеңістерімен құттықтағаны айтылады. «Қазақстандықтар партия бағдарламасы мен реформасында жария етілген бағытты тағы да қолдап шықты», деді Елбасы. Агенттік тілшісінің куә болғанындай, Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ, болып өткен сай­лауға қатысқан басқа партияларға да алғыс сезімін жеткізген. «Бұл партиялар да сайлауда белсенділік танытты, енді олардың айтқан ұсыныстары мен сын-ескертпелерін «Нұр Отан» партиясы ескеретін болады, олармен өзара ынтымақтаса әрекет жасау өзінің жалғасын табады», деді Мемлекет басшысы осы орайда. «Медиа Консул» экзит-поллының мәліметі бойынша, сайлауда екінші орынға 7,24 пайыздық даусы бар «Ақ жол» партиясы шықты. Үшінші сатыға Қазақстан халықтық коммунистік партия­сы 7,22 пайыздық дауыспен орналасты. Без имени-12Парламент Мәжілісін үш саяси партия құрайды Беларусьтің бас ақ­­парат агенттігі пар­тиялық тізім бо­йын­ша өткен Пар­ла­­мент Мәжілісі сай­лауының қоры­тын­ды­­сы төменгі палатаны үш саяси партияның өкілдері құрағалы тұр­ғанын тілге тиек етеді. «Брифингте Орталық сай­лау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың атап өткеніндей, «Нұр Отан» партиясы 82,15 пайыздық дауыс жинаған, Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партия­сы 7,18, ал Қазақстан халықтық коммунистік партиясы 7,14 пайыздық дауысқа ие болған», – деп мәлімдейді агенттік тілшісі. Осылайша осы үш партия алдағы Парламент Мәжілісінің негізін құрайтын болады, деп толықтырады сосын ол бұдан әрі. Жеті пайыздық белестен өте алған осы үш партияның кандидаттары Парламенттің діңгегі болғалы тұр. Без имени-13Қазақ еліндегі ескі де жаңа Парламент Әзербайжанның ең оқырманы көп ақпарат агенттігі Қазақстанда жек­сен­бі күні өткен Парламент Мәжілісі мен бар­л­ық деңгейдегі депутаттар сайлауының қорытындысы туралы ақпаратына тап осындай басты тақырып қойған. Ол сайлаудың көпшілік күткендегідей жақсы нәтижеге қол жеткізгеніне тоқталады. Баспасөз құралы хабарлағандай, exit­poll нәтижелері елдегі Парламентте ешқандай ара салмақ ауысушылығын көрсетпеген, оның қорытындысында ешқандай тосын оқиға орын алған жоқ. «Осылайша «Қоғамдық пікір» инс­титутының сайлау учаскелеріндегі сайлау­шылардан сұрау салу жолымен анықтап, жариялаған мәліметіне сай, 7 пайыздық белестен президенттік «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан халықтық коммунистік партиясы және «Ақ жол» партиясы аса алған. Былайша айтқанда, өткен Парламентте өкілдері болған партиялар қайтадан сол орындарына келді», деп жазады агенттік тілшісі. «Сайлаудың мұндай нәтижеге жетуі елдің өзі ішіндегі жұрт үшін де, сырт жақтардағы сарапшылар үшін де күтпеген нәрсе болған жоқ. Қазақстанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның командасының тұрғындар арасында орасан зор қолдауға ие болып келе жатқаны және бұл қолдаудың жыл санап өсіп келе жатқаны жақсы мәлім. Осы ретте Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері Президент пен оның партиясының ұдайы көп дауыс алып келе жатқанын, ал өткен жылғы Президент сайлауында іс басындағы Президенттің 97,75 пайыз дауыс алғанын айта кетуіміз керек. Бүгінде Қазақстан халқының басым бөлігі Назарбаев пен оның командасын бүгінгі дағдарыс теңселткен әлемдегі бейбітшіліктің бас­ты құндылығы ретіндегі тұрақтылықты сақтап қалуға қабілетті күш деп таниды», – деп атап көрсетеді басылым келесі кезекте. «Таяу Шығыс пен Украинадағы оқиғалар қазақстандықтарды айтарлықтай қорқытып отыр, олар сондықтан тап осы Назарбаев пен оның командасын Қазақстанда сондай оқиғалардың титтей де болу мүмкіндігін жойып жіберетін күш санайды», – делінген хабарламада бұдан әрі. Агенттік шолушысы Елена Косолапова осыған орай Қазақстан Парламентіндегі саяси күштердің ара салмағын саралай келіп, оның іс-әрекетінен пәлендей қатты өзгерістер күтудің қиын екеніне де назар аударады. Оның бұрын қолға алынған бағытты одан әрі дамыта түсуге күш салуы әбден ықтимал. Алайда, қазіргі шақырылымдағы депутаттарға бұрынғыдан да қиын экономикалық жағдайда жұмыс жасауға тура келеді. «Қазақстан бюджетінің негізгі көзі болып табылатын мұнай мен басқа да шикізат көздері бағаларының түсіп кетулері де, негізгі сауда әріптесі болып табылатын Ресейдегі экономикалық дағдарыс бұған әсер етпей қоймайды. Осының өзі жаңа Парламентке бюджет пен экономиканы толтырудың қосымша көздерін, бәлкім, Орталық Азия елдерінен іздестіру керек екенін білдіретін шығар», деп түйіндейді шолушы. Без имени-14Халықпен бірге дауыс берді «Қазақстанда жек­­­­сенбі, 20 нау­рыз күні өткен Пар­­ламент сайлауына Прези­дент Нұрсұлтан Назарбаев та сайлаушы ретінде қатысты», деп жазады басылым. Газет тілшісі бұдан әрі Астанадағы сайлау учаскелерінің біріне барған кезінде Мемлекет басшысының елдегі билік бөлісінің орын алып қалуы мүмкін екенін ауызға алғанын баяндайды. Кездесуі кезінде ресейлік бұқаралық ақ­парат құралдарының өкілдері Назарбаевқа Президент уәкілдігінің бір бөлігі Парламентке берілуі мүмкін бе, деген мазмұнда сұрақ қойған. Бұған Мемлекет басшысы жауап бере отырып, ондай «өзгерістердің болуы ықтималдылығын жоққа шығаруға болмайтынын» айтқан. Ол өз сөзінде әңгіменің «Пре­зи­дент пен Парламент арасындағы билік­ті бөлісу» турасында болып отырғанын атап өткен. Баспасөз өкілдерімен пікір алмасу барысында Президент, сондай-ақ, оқиғаның алдын алуға болмайтынын да ескерткен. Оның айтуынша, Қазақстан қоғамы тиісті заңдарды қабылдау арқылы демократияның жолына біртіндеп түсіп келе жатыр. «Бізді асықтырып керегі жоқ, себебі, біз басқа адамдармыз, біз адамдармен арадағы қарым-қатынасы өзгеше қалыптасқан Азиямыз», – деді Назарбаев. Оның айтуынша, Қазақстандағы саяси ахуалға көңілдері толмайтын басқа елдер оның басқа халықтарға ұқсамайтын дәстүрін, тарихы мен мәдениетін сыйлауы тиіс. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары негізінде шолуды дайындаған Серік ПІРНАЗАР, «Егемен Қазақстан».