22 Наурыз, 2016

Ұйымдастыру деңгейі жоғары

430 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
ком-үлкеніКеше Орталық сайлау комиссиясында ТМД байқаушылар миссиясының өкілдері Қазақстандағы Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау барысы туралы тілшілермен кездесу өткізді. Бұл ретте ТМД байқаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев ТМД байқаушыларының атынан мәлімдеме жасады. Біз бүгінгі уақытта Қазақстанға көрші ретінде, сонымен қатар, достық қарым-қатынасы берік орнаған жақыны ретінде келіп отырмыз. Біздер бір-бірімізге жақсы дос болып қала береміз, деп бастады сөзін Сергей Лебедев жиын барысында. Соны­мен қатар, ол мен батыстық байқау­шы­­лармен пікірлескенімде, олар­­ға: «Әріптестер, біздер бір-бірі­мізді жақын әрі жақсы білетін бол­ғандықтан, мұндағы сайлау барысын көбірек қадағалаймыз әрі көреміз», деймін. Егер де қандай да бір олқылықтар орын алып жатса, достық байланыс арқылы ол мәселенің шешу жолдарын қарастырамыз», деді. Сондай-ақ, сайлау барысына нақтырақ тоқталған ТМД бай­қаушылар миссиясының басшысы сайлаудың толықтай заң аясында өткендігін жеткізді. Және де ха­лықаралық нормаларға сай деп тануға болатынын айтты. Бұл ретте, байқаушылар сай­лау­­шы­лардың дауыс беру бары­сын толыққанды әрі жүйелі бақылай алғандығын көлденең тартты. Белгілі болғандай, ТМД байқаушылар миссиясы 26 ақпаннан бері сайлауалды дайындық жұмыстарын жіті бақылаған. Бір айға жуық уақыт ішінде сайлауға дайындық пен сайлау барысын егжей-тегжейлі қадағалаған байқаушылар, рес­публиканың барлық аймақ­тарында болыпты. «ТМД байқаушылар мис­сиясының құрамында 301 адам бар. Ешқандай кедергілер мен кемшіліктер кездескен жоқ. Жыл­дан-жылға сайлауды ұйым­дас­тыру жағы дамып, көтеріліп келе жатқанын байқадық. Уа­қыт өт­кен сайын сайлауды ұйым­­­дас­тырушылар арасында жас­­­тар­дың көптеп кездесетіні таңғал­дырады», деді С.Лебедев. Сонымен қатар, ол өзге мем­лекеттер арасында біздерді сай­лау жұмыстарына үйреткісі келетін­дер бар екенін, керісінше сайлау­ды ұйымдастыру барысын олардың бізден үйренуі қажеттігін айтты. Осы орайда, бұл сайлаудың өт­кен сайлауларға қарағанда несi­мен ерекше болғанын атай келе, ұйымдастырушылық пен жұрт­­шылықтың сайлау тура­лы мәдениетінің жоғары бол­ған­дығын тілге тиек етті. Және де мұндай пікірді тек қана ТМД байқаушылары ұстанып отырған жоқ, Батыс байқаушыларының ойы да осы болғандығы айтылды. Сайлаудың жоғары деңгейi мен учаскелердiң жақсы безендiрiлгенi, учаскелердiң көпшiлiгi iрi ғима­раттарда: ЖОО, мектептер, мәде­ниет үйлерi мен мемлекеттiк меке­мелерде орналасқандығы аталып өтілді. Және де сайлаудың тең бәсе­келестік деңгейінде, әділ әрі ашық өткені айтылды. Барлық облыстарда ТМД байқаушылар миссиясы бас-аяғы 2875 сайлау учаскелерінде болған. Сергей Лебедев кешегі сайлауда халықтың өз таңдауын жасағанын, ендігіде жаңа Парламенттің мемлекеттің дамуы мен тұрақтылығы жолында жаңа белестерді бағындырарына сенімін білдірді. Эльмира МӘТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».