14 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №432

291 рет көрсетілді
2010 жылғы 3 шілде, Астана қаласы Бал араларының ауруларын алдын алу,   емдеу   және   бал   аралары қауымының зиян­кестерімен күресу жөніндегі  ветеринариялық іс-шараларды  ұйымдастыру  және жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы Қазақстан  Республикасы   Ауыл шаруашылығы   министрінің 2004 жылғы 23 қыркүйектегі №  514 бұйрығына өзгерістер енгізу  туралы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8-бабы 6) тармақшасына сәйкес  бұйырамын: 1. «Бал араларының ауруларын  алдын алу, емдеу және бал аралары қауымының зиянкестерімен күресу жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы   23 қыркүйектегі № 514 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3159 болып тіркелген, 2005 жылғы 14 қазандағы №126-127 (751) «Заң газетінде» жария­ланған) мынадай  өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың кіріспесінде  «8) тармақша» деген сөздер  «6) тармақша» деген сөздермен  ауыстырылсын; 2  тармақ  мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруа­шылығы министрлігінің облыстық және Астана, Алматы қалала­рының  аумақтық инспекцияларымен бірігіп, заң­намада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан шығатын қажетті шараларды қабылдасын.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бал араларының ауруларын  алдын алу, емдеу және бал аралары қауымының зиянкесерімен күресу жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар­ды ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесінде: 2-тармақта «орналасуы қажет» деген сөз «орналас­ты­рылады» деген сөзбен ауыстырылсын; 20-тармақтағы «болуға тиіс» деген сөздер «бар» деген сөзбен ауыстырылсын; бүкіл мәтін бойынша «ветеринариялық инспектормен», «ветеринариялық инспекторына», «ветеринариялық инспек­торы», «ветеринариялық инспекторларына», «ветеринариялық инспекторының»  деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық инспектормен», «ветеринариялық-санитариялық  инспекторына», «ветеринариялық-санитариялық инспекторы», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларына», «ветеринариялық –санитариялық инспекторының» деген сөздермен ауыстырылсын; 29-тармақ алынып тасталсын; 30-тармақ   мынадай редакцияда жазылсын: «30. Бал аралық қауымдарда, пакеттерді, аналықтарды өткізу ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеріп қарағаннан кейін жүзеге асырылады. Әр омартаға  «Баларасы шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 27 мамырдағы №297 бұйрығымен бекітілген  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2374 болып тіркелген) нысан бойынша  ветеринариялық паспорт жүргізіледі.»; 63-тармақтағы «ғана қолдануға болады» деген сөздер «қолданылады» деген сөзге ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветери­нария­лық қауіпсіздік департаменті (Токсеитова Р.Ә) осы бұйрықты заң­намада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы  ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр      А.КҮРІШБАЕВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6336 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар