22 Наурыз, 2016

Парламентаризмнің дамуына өзіндік үлес

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісіне және жергілікті мәслихаттарға депутаттарды  сайлау барысына көптеген пікірлер айтылып, жеңімпаздарды құттықтаулар жалғасуда. Бұл тұрғыдан бірқатар қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері өз ойларын ортаға салып та үлгерді. Солардың қатарында Ардагерлер кеңесінің жетекшісі Шәріпбай Өтегенов те болды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2,5 мың қазақстандық әскериді біріктіріп отырған ҚР Ауғанстан соғысы және жергілікті соғыс ардагерлері одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты және «Нұр Отан» партиясын еліміздің жоғарғы заң шы­ғарушы органына депутаттарды сайлау барысындағы қол жет­кізген айқын жеңісімен құт­тықтады. «Әлемде жаһандық эконо­ми­калық дағдарыстар орын алып жатқан кезеңде лидеріміз елді ты­ғы­рықтан алып шығатын жол табатынына сенім мол. Сон­дықтан, болашаққа нық сенім­мен қарап отырмыз», деді Шәріп­бай Әб­дімәлікұлы. Оның атап өт­ке­ніндей, жаңа депутаттық кор­пус мемлекетімізде парла­мен­таризмнің дамуына өзіндік үле­сін қосатын болады. Сөйтіп, Пре­зидент тарапынан жүргізіліп жат­қан реформаларды әрі қарай да тереңдете түспек. Ал бұл реформалар Елбасы тарапынан қол­ға алынғандығы белгілі. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».