22 Наурыз, 2016

Алдын ала қорытындыларын жария етті

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ERA_6826+77Кеше Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Пар­ла­менті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытын­ды­ларын жариялады. Орталық сайлау комис­сия­сының төрағасы Қуандық Тұр­ғанқұлов атап өткендей, об­лыс­тық, Астана және Алматы қала­ларының сайлау комиссиялары­нан келіп түскен алдын ала деректерге сәйкес, 2016 жылғы 20 нау­рызда болған партиялық тізім­дер бойынша сайланатын Қазақ­стан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда сайлаушылар дауысы тө­мендегідей бөлінді: «Нұр Отан» партиясына – 82,15%, Қазақстан Коммунистік халық партиясына – 7,14%, Қазақстанның «Ақ жол» де­мо­кратиялық партиясына – 7,18%,  «Бірлік» саяси партиясына – 0,29%, Жалпыұлттық социал-де­мо­кратиялық партиясына – 1,18%, «Ауыл» халықтық-демократия­лық патриоттық партиясына – 2%. «Осылайша, «Нұр Отан» партиясы алда. Одан кейін Қазақ­станның «Ақ жол» демократиялық партиясы мен Қазақстан Ком­мунистік халық партиясы тұр. Бұл партиялар заңда белгіленген 7%-дық кедергіден өтеді, бұл олар­ға Парламент Мәжілісінде бо­луына мүмкіндік береді», – деді Ортсайлауком басшысы Қ.Тұр­ғанқұлов брифингте. Партиялық тізімдер бо­йын­­ша сайланатын Парла­мент Мә­жілісінің депутаттарын сайлау­дың соңғы қорытын­ды­ларын Орталық сайлау комиссия­сы аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде 2016 жылғы 26 наурыздан кешіктірмей белгілеуі тиіс. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».