14 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы №312-ө

495 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
2010 жылғы 10 қыркүйек, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң департаменті (Т.А.Жұмабеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген заңнамалық тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Министр Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы «10» қыркүйек № 312-ө бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістердің тізбесі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асы­ру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 91-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1904 тіркелген, Қазақстан Респуб­ликасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік орган­дарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде, 2002 жылы № 35, 684-құжатында жарияланған): осы бұйрықпен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгілік шартта: 7-тармақта: бірінші жолдағы (Тапсырыс беруші) «СТН» деген аббревиатура «БСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; екінші жолдағы (Орындаушы) «СТН» деген аббревиатура «БСН (ЖСН)» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 2) «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтініштің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 15 маусымдағы № 136-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2940 тіркелген): Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтініштің нысанында «СТН __________ ӘЖК _________» деген жол «ЖСН______________» деген жолмен ауыстырылсын; 3) «Әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан әлеуметтік аударым­дар­дың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ауда­рылған сомалары туралы ақпаратты сұрау және алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 169-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3004 тіркелген): осы бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орта­лық­тан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты сұрату және алу ережесінде: 1 және 2-қосымшаларда «СТН» деген аббревиатура «БСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 4) «1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыстың жи­нақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарна­лары жүзеге асырылған табысқа сәйкестігін анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 310-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3355 тіркелген): осы бұйрықпен бекітілген 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыстың жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес­тігін анықтау ережесінде: 10-тармақтағы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындаудың және жүзеге асырудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1701 қаулысының 22-тармағына сәйкес» деген сөздер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысымен бекітілген «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiнің 28-тармағына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-қосымшада: «Әлеуметтік жеке коды (ӘЖК) № ____________________ » деген жол «Жеке сәйкестендіру коды (ЖСК) № _____________________» деген жолмен ауыстырылсын; «ӘЖК тағайындау жөніндегі бөлімнің бастығы» деген сөздер «Бөлім бастығы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-қосымшада: «Әлеуметтік жеке коды (ӘЖК) № ____________________ » деген жол «Жеке сәйкестендіру коды (ЖСК) № _____________________» деген жолмен ауыстырылсын; кестенің бесінші бағанындағы «Жіберушінің СТН» деген сөздер «Жіберушінің БСН» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-қосымшада: «Әлеуметтік жеке коды (ӘЖК) № ____________________ » деген жол «Жеке сәйкестендіру коды (ЖСК) № _____________________» деген жолмен ауыстырылсын; «Төлеуші – ұйымның СТН» деген жол «Төлеуші ұйымның БСН» деген жолмен ауыстырылсын; 5) «Әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 1 желтоқ­сандағы № 306-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3985 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде, 2006 жылғы қаңтар, № 1, 199-құжатында жарияланған): жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Тірек-қозғалу аппараты функцияларының бұзылушылықтары бар балаларға арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік ережесінде: 9-тармақтың 4), 5) тармақшалары алып тасталсын; жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік ережесінде: 12-тармақтың 4), 5) тармақшалары алып тасталсын; жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесінде: 8-тармақтың 5), 6) тармақшалары алып тасталсын; жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Стационарлық үлгідегі психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесінде: 8-тармақтың 4), 5) тармақшалары алып тасталсын; Стационарлық үлгідегі психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету үлгі ережесіне 1-қосымшада: «СТН нөмірі немесе ЖСН ______________» және «ӘЖК нөмірі немесе ЖСН ______» деген жолдар «ЖСН нөмірі ______________» деген жолмен ауыстырылсын; жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Жартылай стационарлық үлгідегі психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету үлгі ережесінде: 10-тармақтың 4), 5) тармақшалары алып тасталсын; Жартылай стационарлық үлгідегі психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету үлгі ережесіне 1-қосымшада «СТН нөмірі немесе ЖСН ______________» және «ӘЖК нөмірі немесе ЖСН ______» деген жолдар «ЖСН нөмірі ______________» деген жолмен ауыстырылсын; жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметтерінің әлеуметтік қызмет көрсету үлгі ережесінде: 14-тармақтың 4), 5) тармақшалары алып тасталсын; Үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметтерінің әлеуметтік қызмет көрсету үлгі ережесіне 2-қосымшада: «СТН нөмірі немесе ЖСН ______________» және «ӘЖК нөмірі немесе ЖСН ______» деген жолдар «ЖСН нөмірі ______________» деген жолмен ауыстырылсын; 6) «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 289-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5081 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында 2008 жылғы 27 сәуірде №3 жарияланған) мынадай өзгерістер енігізілсін: жоғарыда аталған бұйрыққа 1-қосымша алып тасталсын; жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымшада: 3) тармақшадағы «ӘЖК, СТН,» деген аббревиатуралар алып тасталсын; жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Базалық зейнетақы төлемін тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандартында: 12-тармақтың 3), 4) тармақшалар алып тасталсын; жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымшада: 4-абзацтағы «ӘЖК, СТН,» деген сөздер алып тасталсын; жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандартында: 12-тармақтың 3), 4) тармақшалар алып тасталсын; жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандартында: 12-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 11 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6538 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар