АСТАНА. 22 наурыз. Белгілі Apple компаниясы 4 дюймді жаңа iPhone SE смартфонын таныстырды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жаңа құрылғының бір ерекшелігі сыртқы келбеті 5S формасына ұқсағанымен, функциялық жағынан 6S үлгісімен бірдей қызмет атқарады. Тіпті, көпшіліктің жиі қолданатын Live Photos та бар. Негізгі камерасы 12 мегапиксель болғандықтан 4К видео түсіре алады. Процессоры А9 болса, қосымша процессоры М9.
Компания басшысы Тим Куктың айтуынша, халықтың шағын телефонға деген сұранысы жоғары болғандықтан, жаңа құрылғының түр-келбеті бұрынғы айфонға ұқсастырылып шығарылған. Сондай-ақ, ол жиын барысында iPhone 5S телефоны ендігі сатылымға шықпайтынын мәлімдеді.
Гаджеттің 14 гигабайт сыйымдылығының құны 399 АҚШ доллар болса, 64 гигабайттысы 499 долларды құрайды. Девайсты 31 наурыздан сатып алуға болады. Ал елімізге қашан келері әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша осы айдың соңына таман немесе келесі айдың басында шығуы мүмкін.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: vk.com.

Табиғатты қорғау – ортақ жауапкершілік
Экология • Бүгін, 09:10
Спорт • Бүгін, 09:07
Жануарлар • Бүгін, 09:05
Футбол • Бүгін, 09:03
Қоғам • Бүгін, 09:02
Музыкалық платформадағы күй күмбірі
Мәдениет • Бүгін, 09:00
Химия саласының келешегі сараланды
Шымкент • Бүгін, 08:58
Жанар атты жалқы кейіпкер хақында...
Әдебиет • Бүгін, 08:55
Тұлға • Бүгін, 08:53
Таным • Бүгін, 08:50
Әдебиет • Бүгін, 08:48
Мексика Оңтүстік Кореяны жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды
Спорт • Бүгін, 08:45
Тағзым • Бүгін, 08:43
Әділ Ахмет: Жас ұрпақтың болашағына алаңдаймын
Сұхбат • Бүгін, 08:40
Шығыста ауқымды жобалар жүзеге асады
Аймақтар • Бүгін, 08:38