24 Наурыз, 2016

Мәжіліс депутаттарының мандаттары бөлінді

390 рет
көрсетілді
22 мин
оқу үшін
ERA_6826+77Бұрнағы күні Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда «Алтыншы шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау, партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындыларына қарай депутаттық мандаттарды бөлу туралы» қаулы қабылданды. Сонымен, барлық облыстардың және Астана мен Алматы қала­лары­ның аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректер бойынша Орталық сайлау комис­сиясы сайлаудың соңғы қоры­тындыларын анықтады. Соған орай сайлаушылар тізіміне енгі­зілген 9 810 852 азаматтың 7 566 150-і дауыс бергені белгілі болды. Бұл барлық сайлаушының 77,12 пайызын құрайды. Олардың ішін­де «Нұр Отан» партиясына – 6 183 757 (82,20 пайыз), Қазақстан Ком­мунистік халық партиясына – 537 123 (7,14 пайыз), Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партия­сына – 540 406 (7,18 пайыз), «Бір­лік» саяси партиясы – 21 484 (0,29 пайыз), Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға – 88 813 (1,18 пайыз) және «Ауыл» ха­лықтық-демократиялық пат­риоттық партиясына 151 285 (2,01 пайыз) дауыс берілген. Осылайша, Сайлау туралы заңға сәйкес сайлаушылар дауыс­тарының 7 және одан да көп пайы­зын алған үш саяси пар­тия Парламент Мәжілісі депу­таттарының мандаттарына ие болды. Атап айтқанда, «Нұр Отан», «Ақ жол» және Қазақстан Коммунистік халық партиясы Мәжіліске өз кандидаттарын ұсына алады. «Бұл партиялар арасындағы депутаттық мандаттар төмендегідей бөлінсін: «Нұр Отан» партиясына – 84, «Ақ жол» партиясына – 7 және Қазақстан Коммунистік халық партиясына 7 мандат», – деді Орталық сайлау комиссиясында өткен арнайы брифингте Комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов. Сонымен қатар, отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясы сай­лайтын Парламент Мәжілі­сінің депутаттарын сайлау қоры­тындылары да жария етілді. Бұл ретте Ассамблеядан Мәжіліс депутаттары болып Сауытбек Аб­драхманов – «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ пре­з­иденті, Владимир Божко – Қа­зақ­стан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, Наталья Жұмаділдаева – Қызылорда қала­сындағы Оқушылар мен жас­өспірімдер үйінің директоры, Роман Ким – Парламент Мәжі­лісі V сайланымының депутаты, Наринэ Микаелян – Алматы­дағы армян этномәдени бірлес­тігінің төрайымы, Ахмет Му­радов – Парламент Мәжілісі V сай­ланымының депутаты, Шаймардан Нурумов – Республикалық ұйғыр этноорталығының төрағасы, Юрий Тимощенко – Парламент Мәжілісі V сайланымының депутаты және Шакир Хахазов – Дүнген этномәдени орталықтары қауымдастығы басқармасының мүшесі сайланды. Айта кетейік, сайлау нәтижесі бойынша С.Абдрахманов – 345 (93,50 пайыз), В.Божко – 349 (94,58 пайыз), Н.Жұмаділдаева – 343 (92,95 пайыз), Р.Ким – 346 (93,77 пайыз), Н.Микаелян – 336 (91,06 пайыз), А.Мурадов – 339 (91,87 пайыз), Ш.Нурумов – 337 (91,33 пайыз), Ю.Тимощенко – 341 (92,41 пайыз) және Ш.Хахазов 342 (92,68 пайыз) дауыс алды. Қ.Тұрғанқұлов аталған қау­лыны қабылдай отырып, Орталық сайлау комиссиясы елде соңғы екі ай бойы жүрген сайлау науқанын аяқтайтынын айтты. «Осылайша, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Прези­дентінің Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы Жарлығының орындалуын қамтамасыз етті», –деді Комиссия төрағасы. Отырыстың соңында ол сайлау­ды ұйымдастырушыларға адал және жауапты жұмысы үшін, байқаушыларға сайлау үдері­сінің жариялылығы мен транс­паренттігіне көмегі үшін, ал сай­лау­шыларға белсенді азаматтық ұс­танымы үшін ризашылығын білдірді. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 22 наурыздағы № 30/126 қаулысына қосымша Алтыншы шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау қорытындылары туралы хабар
  1. 2016 жылғы 20 наурызда біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланатын, алтыншы шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау болды.
Республика бойынша сайлаушылардың тізімдеріне 9810852 азамат енгізілді, олардың ішінде 7566150 адам дауыс беруге қатысты. Қазақстан Республикасы бойынша сайлаушылардың түпкілікті келуі 77,12 процентті құрады. Астана қаласы бойынша келу, шетелде дауыс берген сайлаушыларды ескере отырып, 75,11 процентті құрады. Дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 116159 сайлаушы дауыс берді. Сайлауға 6 саяси партия қатысты. Саяси партияларға дауыс беру кезінде мынадай дауыстар саны берілді: Ақмола облысы «Нұр Отан» партиясы – 311788 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 82,52 проценті; Қазақстан Коммунистік халық партиясы – 28489 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,54 проценті; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 24604 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 6,51 проценті; «Бірлік» саяси партиясы – 303 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,08 проценті; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 1327 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,35 проценті; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 11335 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 3,00 проценті. Ақтөбе облысы «Нұр Отан» партиясы – 318205 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 83,63 проценті; Қазақстан Коммунистік халық партиясы – 25761 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 6,77 проценті; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 31577 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,30 проценті; «Бірлік» саяси партиясы – 885 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,23 проценті; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 2004 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,53 проценті; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2037 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,54 проценті. Алматы облысы «Нұр Отан» партиясы – 789394 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 84,78 проценті; Қазақстан Коммунистік халық партиясы – 57784 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 6,21 проценті; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 60112 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 6,46 проценті; «Бірлік» саяси партиясы – 600 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,06 проценті; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 1025 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,11 проценті; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 22151 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 2,38 проценті. Атырау облысы «Нұр Отан» партиясы – 214792 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 84,74 проценті; Қазақстан Коммунистік халық партиясы – 17840 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,04 проценті; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 18372 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,25 проценті; «Бірлік» саяси партиясы – 1265 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,50 проценті; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 736 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,29 проценті; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 453 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,18 проценті. Шығыс Қазақстан облысы «Нұр Отан» партиясы – 585331 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 82,17 проценті; Қазақстан Коммунистік халық партиясы – 60649 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,51 проценті; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 51524 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,23 проценті; «Бірлік» саяси партиясы – 2075 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,29 проценті; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 4595 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,65 проценті; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 8209 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,15 проценті. Жамбыл облысы «Нұр Отан» партиясы – 346338 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 80,32 проценті; Қазақстан Коммунистік халық партиясы – 36996 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,58 проценті; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 33994 дауыс не­ме­се дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,88 проценті; «Бірлік» саяси партиясы – 2384 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,55 проценті; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 4659 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,08 проценті; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6840 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,59 проценті. Батыс Қазақстан облысы «Нұр Отан» партиясы – 258809 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 82,68 проценті; Қазақстан Коммунистік халық партиясы – 16922 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 5,41 проценті; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 24145 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,71 проценті; «Бірлік» саяси партиясы – 2781 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,89 проценті; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 4160 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,33 проценті; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6199 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,98 проценті. Қарағанды облысы «Нұр Отан» партиясы – 548864 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 83,20 проценті; Қазақстан Коммунистік халық партиясы – 50071 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,59 проценті; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 50599 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,67 проценті; «Бірлік» саяси партиясы – 330 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,05 проценті; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 1188 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,18 проценті; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 8642 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,31 проценті. Қостанай облысы «Нұр Отан» партиясы – 379250 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 81,59 проценті; Қазақстан Коммунистік халық партиясы – 38831 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,35 проценті; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 34802 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,49 проценті; «Бірлік» саяси партиясы – 560 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,12 проценті; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 1858 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,40 проценті; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 9522 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 2,05 проценті. Қызылорда облысы «Нұр Отан» партиясы – 273870 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 82,41 проценті; Қазақстан Коммунистік халық партиясы – 20406 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 6,14 проценті; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 24093 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,25 проценті; «Бірлік» саяси партиясы – 831 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,25 проценті; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 4586 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,38 проценті; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 8537 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 2,57 проценті. Маңғыстау облысы «Нұр Отан» партиясы – 197246 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 82,07 проценті; Қазақстан Коммунистік халық партиясы – 14445 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 6,01 проценті; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 15287 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 6,36 проценті; «Бірлік» саяси партиясы – 1249 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,52 проценті; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 2763 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,15 проценті; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 9349 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 3,89 проценті. Павлодар облысы «Нұр Отан» партиясы – 271691 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 81,72 проценті; Қазақстан Коммунистік халық партиясы – 27362 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,23 проценті; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 23925 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,20 проценті; «Бірлік» саяси партиясы – 1508 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,45 проценті; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 3363 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,01 проценті; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 4633 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,39 проценті. Солтүстік Қазақстан облысы «Нұр Отан» партиясы – 261903 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 82,72 проценті; Қазақстан Коммунистік халық партиясы – 21622 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 6,83 проценті; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 21685 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 6,85 проценті; «Бірлік» саяси партиясы – 315 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,10 проценті; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 1521 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,48 проценті; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 9568 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 3,02 проценті. Оңтүстік Қазақстан облысы «Нұр Отан» партиясы – 918245 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 82,07 проценті; Қазақстан Коммунистік халық партиясы – 73287 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 6,55 проценті; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 78879 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,05 проценті; «Бірлік» саяси партиясы – 1223 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,11 проценті; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 13693 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,22 проценті; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 33529 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 3,00 проценті. Астана қаласы «Нұр Отан» партиясы – 263051 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 85,18 проценті; Қазақстан Коммунистік халық партиясы – 21741 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,04 проценті; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 16055 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 5,20 проценті; «Бірлік» саяси партиясы – 1051 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,34 проценті; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 6423 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 2,08 проценті; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 495 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,16 проценті. Алматы қаласы «Нұр Отан» партиясы – 244980 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 70,10 проценті; Қазақстан Коммунистік халық партиясы – 24917 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,13 проценті; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 30753 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,80 проценті; «Бірлік» саяси партиясы – 4124 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,18 проценті; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 34912 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 9,99 проценті; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 9786 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 2,80 проценті. Қазақстан Республикасы бойынша «Нұр Отан» партиясы – 6183757 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 82,20 проценті; Қазақстан Коммунистік халық партиясы – 537123 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,14 проценті; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 540406 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,18 проценті; «Бірлік» саяси партиясы – 21484 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,29 проценті; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 88813 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,18 проценті; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 151285 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 2,01 проценті.
  1. Партиялық тізімдерге дауыс берудің қорытындылары бо­йынша депутаттық мандаттар төмендегіше бөлінді:
«Нұр Отан» партиясы – 84; Қазақстан Коммунистік халық партиясы – 7; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 7.
  1. 2016 жылғы 21 наурызда біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын, алтыншы шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау болды.
Сайлаушылар тізімдеріне 446 азамат енгізілді, олардың ішінен 372 адам немесе 83,41 процент дауыс беруге қатысты. Сайлауға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат­тарға дауыс беру кезінде мынадай дауыстар саны берілді: Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы – 345 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 93,50 проценті; Божко Владимир Карпович – 349 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 94,58 проценті; Жұмаділдаева Наталья Васильевна – 343 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 92,95 проценті; Ким Роман Ухенович – 346 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 93,77 проценті; Микаелян Наринэ Гамлетовна – 336 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 91,06 проценті; Мурадов Ахмет Сейдарахманович – 339 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 91,87 проценті; Нурумов Шаймардан Усаинович – 337 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 91,33 проценті; Тимощенко Юрий Евгениевич – 341 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 92,41 проценті; Хахазов Шакир Хусаинович – 342 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 92,68 проценті.
  1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің мынадай депутаттары сайланған болып есептелсін:
1) Абдрахманов                        07.11.1951 ж.т., қазақ, Сауытбек Абдрахманұлы       «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті, Астана қаласында тұрады 2) Божко                                      16.05.1949 ж.т., орыс, Владимир Карпович          Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, Астана қаласында тұрады 3) Жұмаділдаева                      29.03.1965 ж.т., мордва, Наталья Васильевна          Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры, Қызылорда қаласында тұрады 4) Ким                                          08.05.1955 ж.т., корей, Роман Ухенович                  «Қазақстан корейлері қауымдастығы» РҚБ президенті, бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Астана қаласында тұрады 5) Микаелян                               06.04.1983 ж.т., армян, Наринэ Гамлетовна           «Луйс» Армян мәдени орталығы» ҚБ төрайымы, Алматы қаласында тұрады 6) Мурадов                                 20.07.1951 ж.т., чешен, Ахмет Сейдарахманович «Вайнах» Қазақстан чешендері мен ингуштары қауымдастығының тең төрағасы, бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Астана қаласында тұрады 7) Нурумов                                 15.11.1950 ж.т., ұйғыр, Шаймардан Усаинович    «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» ҚБ төрағасы, Алматы қаласында тұрады 8) Тимощенко                            08.06.1962 ж.т., украин, Юрий Евгениевич                «Қазақстан украиндары радасы» ЗТБ төрағасы, бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Астана қаласында тұрады 9) Хахазов                                  05.07.1958 ж.т., дүнген, Шакир Хусаинович            «Дүнген этномәдени орталықтарының қауымдастығы» ҚБ басқармасының мүшесі, «ОСК-стройсервис» ЖШС директоры, Астана қаласында тұрады Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Еламан ҚОҢЫР, «Егемен Қазақстан».