14 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №433

360 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
2010 жылғы 3 шілде, Астана қаласы «Ветеринариялық препараттарды өндiру және сату жөнiндегi объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық талаптарды бекiту туралы» Қазақстан  Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 101 бұйрығына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу  туралы «Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiм­дердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi № 407 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау туралы ереженiң 10-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Ветеринариялық препараттарды өндiру және сату жөнiндегi объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық та­лап­тарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы  Ауыл  шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 3  ақпандағы  № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 4 наурызда № 3477 болып тіркелген, 2002 жылғы 16  қара­шадағы «Заң газетінде» № 148 (772) жарияланған) мынадай  өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспеде: «3 тарауының 9» деген сөздер «10» деген  санмен ауыстырылсын; «ветеринариялық қадағалау» деген сөздер «ветери­на­рия­лық-санитариялық бақылау» деген сөздермен  ауыстырылсын; 2-тармақ  мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветерина­риялық қауіпсіздік департаменті (Токсеитова Р.Ә) осы бұй­рықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Респуб­ликасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.»; «Келісілген: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетінің төрағасы __________________ 2 ақпан 2005 жыл» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препа­раттарды өндiру және сату жөнiндегi объектiлерiне ветери­нариялық-санитариялық талаптарда: 1-тармақта: «3 тарауының 9» деген сөздер «10» деген санмен ауыстырылсын; «ветеринариялық қадағалау» деген сөздер «ветерина­рия­лық-санитариялық бақылау» деген сөздермен  ауыстырылсын; 3-тармақта: 2) тармақшадағы «ветеринариялық препарат» деген сөздер «ветеринариялық препараттар» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) тармақшадағы «ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «жергілікті атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын: «16) ведомствоның аумақтық бөлімшелері – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнер­кәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық инспекциялары.»; 3-бөлімнің тақырыбындағы «ғылыми-техникалық және нормативтік» деген сөздер «нормативті-техникалық» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта: бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Ветеринариялық препараттар өндірушілерінде вете­ринариялық препараттар өндіруді және бақылауды реттейтін мынадай нормативтік-техникалық құжаттамалар болады:»; 1), 2) және 3) тармақшалардағы «ветеринариялық» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтағы «Қазақстан Республикасының» деген сөз­дерден кейін «патенттік» деген сөзбен толықтырылсын; 6-тармақта: «көрсетілуі тиіс» деген сөздер «көрсетіледі» деген сөзбен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «тауар таңбалары туралы» деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақта: бірінші бөлігіндегі: «Өндірушіде» деген сөз «Өндірушілерде» деген сөзбен ауыстырылсын; «болуға тиіс» деген сөздер «болуы қажет» деген сөзбен ауыстырылсын; 1) тармақшадағы: «санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және» деген сөздер «денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен» деген сөздермен ауыстырылсын; «органдарының» деген сөз «органының» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы «мемлекеттік ветеринариялық басқар­масы органдарының» деген сөздер «ветеринария саласын­да­ғы уәкілетті мемлекеттік органның» деген сөзбен ауысты­рылсын; 5) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруа­шылығы министрлігі» деген сөздер «ветеринария сала­сындағы уәкілетті органның ведомствосы» деген сөздермен ауыстырылсын; 6)  тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруа­шылығы министрлігі» деген сөздер «жергілікті атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) Өндіріс объектісіне ведомствоның аумақтық бөлім­шесі беретін есептік нөмірін беру туралы растау;»; 9-тармақтың бірінші бөлігіндегі «болуға тиіс» деген сөздер «болуы қажет» деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақтағы «болуға тиіс» деген сөздер «жүргізіледі» деген сөзбен ауыстырылсын; 11-тармақтағы «орналасуға тиіс» деген сөздер «орналасады» деген сөзбен ауыстырылсын; 13-тармақтағы «болуға тиіс» деген сөздер «орналасады» деген сөзбен ауыстырылсын; 14-тамақтағы «толықтырылуға тиіс» деген сөздер «толтырылады» деген сөзбен ауыстырылсын; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Әкiмшiлiк-шаруашылық және қосалқы ғимараттар, сондай-ақ тамақ дайындауға және қабылдауға арналған ғимараттар өндiрiстiк ғимараттардан бөлек орналасады немесе бөлек оқшауланады (егер олар бiр ғимаратта орналасса). Әкiмшiлiк-шаруашылық және қосалқы ғимараттарды өндiрушiнiң қоршауынан тыс орналастыруға жол беріледі.»; 16-тармақтағы «қолдануға тиіс» деген сөздер «қол­данылады» деген сөзбен  ауыстырылсын; 18-тармақта: «бөлек болуы тиіс» деген сөздер «бөлінеді» деген сөзбен ауыстырылсын; «мiндеттi түрде санөткiзiлумен жабдықталуы тиiс» деген сөздер «санитариялық өткізгішпен жабдықталады» деген сөздермен ауыстырылсын; 20-тармақтағы «болуға тиіс» деген сөздер «сақталады» деген сөзбен ауыстырылсын; 21-тармақтағы «болуға тиіс» деген сөздер «бар» деген сөзбен ауыстырылсын; 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «22. Өндіруші қалдықтарды алдын ала залалсыз­дан­дырады/ зарарсыздандырады: қатты қалдықтарды (өлім-жітімге ұшыраған немесе сой­ылған жануарларды қоса алғанда) 1,5 атмосфералық қысымда 1,5 сағаттан кем емес уақыт бойы автоклавтау, кейін пештерде немесе биотермиялық шұңқырларда жою қажет; сұйық қалдықтарды 1,5 атмосфералық қысымда 1,5 сағат­тан кем емес уақыт бойы автоклавтау немесе араластыру және 3 сағаттан кем емес уақыт бойы дезинфекциялық ерітіндіде ұстау, кейін олардың зарарсыздандырылуын бақыла­ғаннан кейін сұйық қалдықтарды жалпы кәріз жүйесіне жіберу қажет.»; 23-тармақта: «боялуы» деген сөз «бояу» деген сөзбен ауыстырылсын; «қалануы тиіс» деген сөздер «қалау» деген сөзбен ауыстырылсын; «жабылуы тиіс» деген сөздер «жабу қажет» деген сөздермен ауыстырылсын; 24-тармақта: «қамтамасыз етілуі тиіс» деген сөздер «қамтамасыз ету қажет» деген сөздермен ауыстырылсын; «қолданылуы тиіс» деген сөздер «қолданылады» деген сөзбен ауыстырылсын; «жоғары болмауы тиіс» деген сөздер «кем емес» деген сөздермен ауыстырылсын; 25-тармақтағы «болуға тиіс» деген сөздер «болады» деген сөзбен ауыстырылсын; 26-тармақта «етілуі тиіс» деген сөздер «ету қажет» деген сөздермен ауыстырылсын; 29-тармақта «орналасуы тиіс» деген сөздер «орналастыру қажет» деген сөздермен ауыстырылсын; 30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «30. Барлық өндiрiстiк ғимараттар герметикалық терезелермен және есіктермен қамтамасыз етіледі (немесе өндi­рiстiк ғимараттарда терезелердің болмауына жол беріледі).»; 31-тармақтағы «жабдықталуы тиіс» деген сөздер «жабдықталады» деген сөзбен ауыстырылсын; 32 және 35-тармақтардағы «жабдықталуы тиіс» деген сөздер «жабдықталады» деген сөзбен ауыстырылсын; 33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «33. Өндiрiстiк ғимараттар (бокс алдыларын қоса алғанда) ыстық және суық су мен керек болған жағдайда сорғыш шкафтармен қамтамасыз етіледі.»; 36 және 37-тармақтардағы «болуға тиіс» деген сөздер «болады» деген сөзбен ауыстырылсын; 39-тармақтағы «болу тиіс» деген сөздер «тұрақты болады» деген сөздердермен ауыстырылсын; 42-тармақ мынадай редакцияда  жазылсын: «42. Қойма үй-жайлары жақсы жарықтанады, оңай желдетіледі, үй-жайларда тазалық қамтамасыз етіледі және бөгде заттарды сақтауға жол берілмейді.»; 43-тармақта «тиіс» деген сөз «болады» деген сөзбен ауыстырылсын; 45-тармақта: «тиіс» деген сөз «қажет» деген сөзбен ауыстырылсын; «қорғалуы тиіс» деген сөздер «қорғау қажет» деген сөздермен ауыстырылсын; 46-тармақтағы «асырылуы тиіс» деген сөздер «асы­рылады» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министр­лігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Токсеитова Р.Ә) осы бұйрықты заң­намада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы  ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр А. Күрішбаев.