– дейді биыл алғаш рет байқаушы болған Салтанат ҚҰЛШАРИЕВА
– Бұрын Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Атырау облысы бойынша өңірлік орталығына мүше болып па едің?
– Сайлауға қатысып, дауыс беру – әр азаматтың міндеті десек те, осынау саяси науқанға байқаушы болудың жауапкершілігі жоғары екенін білемін. Өйткені, елдегі демократияның өркен жаюына бұл науқанның да әсері мол. Сонымен бірге, елдің келешектегі өркенді даму жолымен жүруіне септігі тиері даусыз. Сол себептен, биыл сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Атырау облысы бойынша өңірлік орталығының мүшесі болдым. Әрине, бастапқыда аз-кем жүрексіндім. Қобалжымадым деп те айта алмаймын. Себебі, бұрын сайлау барысын байқаушы ретінде бақылап көрмеппін. Сайлау өткенге дейін арнайы семинар-тренингтерге қатысып, алдымен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарымен таныстым. Өткен жылы Қазақстан Республикасының Президенті сайлауында байқаушы болған әріптестерім ақыл-кеңестерін айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Осының бәрі байқаушы ретіндегі міндетімді бұлжытпай атқаруға молынан септесті.
– Өзің байқаушы ретінде қай сайлау учаскесінде болдың және не байқадың?
– Мен Геолог ауылдық округінде ашылған №67 сайлау учаскесіне бөлінген едім. Осы сайлау учаскесінде дауыс беру басталған сәттен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның бұзылмауын жіті бақыладым. Мені сайлаушылардың дауыс беруге қатысу белсенділігі қуантты. Сайлаушылар дауыс беру үшін кезекке тұрғанын көріп, елдің келешегіне бейжай қарамайтынын ұқтым. Осының өзі отандастарымыздың сайлауға қатысу азаматтық парызы екенін түсінетінін аңғартады. Сайлау учаскесі арнайы заң талабына сай жабдықталыпты, мұнда сайлаушыларға да, байқаушыларға да қолайлы жағдай жасалды.
– Сайлауды бақылау барысында саған шағым айтушылар болды ма?
– Бұл сайлау учаскесінде бірде-бір заң бұзушылық байқалмады. Сайлаушылар тарапынан арыз-шағым айтушылар да болған жоқ. Өйткені, біздің халқымыз сауатты, дауыс беру барысында заң бұзушылықтың елдің демократиялық өркендеу беделіне нұқсан келтіретінін жақсы біледі. Қай адам өз елінің беделі төмендегенін қалайды дейсіз? Заң бұзушылықтың байқалмауының астарынан осыны анық аңғардым десем болады. Заң бұзушылықтың болмағанын, сайлаушылар, саяси партиялар, мәслихаттарға депутаттыққа кандидаттардың өкілдері тарапынан шағым, не арыздың болмағанын мұнда менімен бірге сайлау додасына түскен саяси партиялардың байқаушылары растай алады.
– «Нұр Отанның» айқын жеңісін қалай бағалайсыз?
– Жеңіс заңды. Сайлаушылардың 82,20 пайыз дауыс алуға бүгінде тек «Нұр Отан» саяси партиясы ғана лайықты десем, қателеспейтінім анық. Өйткені, осы уақытқа дейін елімізде атқарылған оңды істерді тек Елбасымен, Елбасы Төрағасы болып табылатын «Нұр Отанмен» ғана байланыстыруға болады.
Әңгімелескен
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
АТЫРАУ.
Суретті түсірген
Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Бүгін, 21:45
Ормұз бұғазы ашылды: Иран маңызды теңіз жолын қайта іске қосты
Әлем • Бүгін, 21:30
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Бүгін, 21:00
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Бүгін, 20:30
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 20:05
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Бүгін, 19:55
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 19:45
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 19:20
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Форум • Бүгін, 19:06
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Оқиға • Бүгін, 19:00
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Келешек мектептері • Бүгін, 18:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48