25 Наурыз, 2016

Нақты істердің партиясы болып қалу керек

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
24-03-02Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісіне «Нұр Отан» партиясынан сайланған депутаттармен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Елбасы депутаттарды сайлануларымен құттықтап, жұмыстарының табысты болуына тілектестігін білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар «Нұр Отан» партиясына Мәжіліс қана емес, барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында да қолдау көрсеткенін атап өтті. Қазақстан Президенті сайлауалды тұғырнамадағы мақсаттарға жету үшін партияның әрбір мүшесіне зор жауапкершілік жүктелетінін айтты. – Біз «Нұр Отанның» әрқашан да нақты істер партиясы екенін дәлелдей алатынымызға сенімдімін. Сондықтан, Парламент, Үкімет және Ұлттық жаңғырту жөніндегі комиссия нақты әрі үйлесімді жұмыс істеуі қажет. Біз қойылған міндеттерді тұтастық пен өзара түсіністік арқылы ғана шешетін боламыз. Біздің барлық реформаларымыздың табыстылығы осыған байланысты. Дағдарыс кезеңі – тың өзгерістер жасайтын кез. Біз ештеңеге қарамастан, осыны қолға алдық. Сондықтан, сіздерге бірінші күннен-ақ бұл жұмысқа кірісу керек болады, – деді Қазақстан Президенті. Кездесу барысында «Нұр Отан» пар­тия­сының Парламенттегі фракциясының мүше­лері Г.Щегельский, М.Айсина және  Б.Мәкен сөз сөйледі. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Соңғы жаңалықтар

Нағыз ғалым еді...

Тұлға • Кеше

Көршінің наны

Қоғам • Кеше