14 Қаңтар, 2011

Жаңа...

460 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
...зауыттың құрылысы басталады Жетісу жерінде тағы бір  жаңа зауыт құрылысы қолға алы­натын болды. Облыс әкімі көр­шілес Қытайдың «Вест-це­мент» корпорациясының  президенті Джимин Жангты қа­был­дап, Кербұлақ ауданында салы­натын жаңа зауыт жайлы әңгіме өрбітті. «Вест-цемент» корпорация­сы Лондонның қор биржасында тіркеліп,  әр елде 8 цемент зауы­ты жұмысын жалғастыруда екен. Оларда жылына 15 млн. тонна цемент өндірілсе, оның 6 млн. тоннасы экспортқа шығарылып, тұтынушы сұранысын қанағат­тан­дырған. Өткен жылды 2 млрд. доллар пайдамен аяқтаған корпорацияның президенті цемент өндіруге қажетті шикізат жеткілікті  Кербұлақ ауданының аумағында биыл зауыт құры­лы­сын бастау туралы жоспар­лары­мен де бөлісті. Цемент зауытын салу екі жаққа да тиімді. Оның маңызы сонда, қосымша жұмыс орнын ашумен қатар, облыс эко­но­ми­касына әкелетін пайдасы зор. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы. ...газ құбыры жеткізілді Теректі ауданына қарасты Ақжайық ауылына негізгі магистраль – Новопавловтан ұзын­дығы 78 шақырым газ құбыры жеткізілді. Мұнда бес мыңға жуық тұрғын бар. Қазірдің өзін­де алғашқы үйлерге көгілдір отын кіргізілді. Осы ауылда туып-өскен қазақтың ақын қызы Ақұштап Бақтыгереева өз тілегін былайша жеткізді. – Ауылыма келген сайын замандастарым мен сіңлілерім­нің тезек жағып, күл шығарып жүр­генін көргенде жүрегім сыр­қырайтын еді. Енді міне, бүгін табиғи газдың жанып жатқанын көрдім. Тамаша аурухана салы­нып­ты. Жол жөнделіп жатыр екен. Сендердің жүздеріңдегі қуа­ныш­ты көргенге шексіз бақыттымын. Темір ҚҰСАЙЫН, Батыс Қазақстан облысы. ...мектепке дейінгі орталық Ақтөбе қаласының Кірпішті ауданында ашылған орталық  «Аружан» деп аталады. Қарғалы өзенінің әсем жағалауында орна­ласқан  орталықта бүлдір­шін­дердің білім алып, тіл білуіне және өзге де өнер түрін үйренулеріне барлық жағдай жасалған. Жалпы, көлемі 2 мың шаршы метр болатын үш қабатты орталықта жеке оқу, ойын, демалатын бөлмелермен бірге, музыка және спорт залы, медициналық пункт жұмыс істейді. Ол дербес жылу жүйесі ар­қылы жылытылады. Ғимарат бей­небақылау жүйесімен жаб­дық­талған. Орталықтың аума­ғын­да спорт, футбол, баскетбол, волейбол алаңы мен шаңғы жолы және мұз айдыны бар. 150 орындық орталықтың құрыл­тай­шысы — «Сымбат» жеке мекемесі. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.