ОРАЛ. 19 наурыз. Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында белгілі жазушы, драматург, аудармашы, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Роллан Сейсенбаевпен «Ұлыларды ұлықтаған тұлға» атты кездесу кеші өтті. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Шара барысында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен басылған бірқатар кітап оқырмандарға таныстырылды. Олардың қатарында Махамбеттің «Айналайын Ақ Жайық», Жұбан Молдағалиевтің «Кісен ашқан», Қадыр Мырза Әлидің «Көкпар», Қайрат Жұмағалиевтің «Кие», Ақұштап Бақтыгерееваның «Қайран қарлығаштар-ай» атты кітаптары бар.
Жазушы Роллан Сейсенбаев қазақ әдебиетінің алыптары жөнінде тебірене сөз қозғап, олардың мұраларын көздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізудің, таланттарды тірісінде қадірлеп, таңдаулы шығармаларын тек Қазақстан ғана емес, сонымен қатар шет елдерде де шығарудың маңыздылығын атап көрсетті. «Мұхтар Әуезов қандай ұлы жазушы болса, кешегі өткен Әбіш Кекілбаев та сондай деңгейдегі тұлға. Сол сияқты Қадыр Мырза Әлиді біз кеңінен насихаттап, құрметтей білуге тиістіміз. Осы орайда ақын атындағы орталық киелі орынға айналуы керек. Мұндай орталық әзірге елде жоқ. Сондықтан барды қадірлеп, озық дүниелерімізді көрсете білейік», – деді жазушы.
Темір Құсайын.
Дерек, сурет: inform.kz.
• 19 Наурыз, 2016
Оралда жазушы Роллан Сейсенбаевпен кездесу кеші өтті

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48