жайылып, татулық пен бірліктің бастауына айналған Ұлыстың ұлы күні өзгеше кейіпте атап өтілді
Ақтың молаятын, тіршіліктің жаңаратын, көңілдің кеңитін, береке мен бірлікке, тазалық пен мейірімділікке, шаттық пен қуанышқа жетелейтін әз Наурыз мерекесіне Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырдағы жарқын белестері мен жасампаздықтың жарқын жолдары арқау етілді. Жыл басын тойлауға арналған кешенді жоспар шеңберінде 350-ден астам қоғамдық-мәдени шаралар қамтылып, «Қош келдің, мерейлі Наурыз!» театрландырылған-хореографиялық қойылыммен басталды. Оның соңы көпшіліктің қосылуымен «Қара жорға» биіне ұласты. Жиналғандар назарына «Сегіз Сері», «Сладкая ягода», «Есіл әуендері», «Славянка», «Қызылжар», «Балқадиша» секілді өңірге танымал халықтық, фольклорлық ансамбльдер мен вокалдық топтардың концерттік бағдарламасы ұсынылды.
Солтүстікқазақстандықтарға арнаған құттықтау сөзінде аймақ басшысы Ерік Сұлтанов барша жұртты табиғаттың қайта түлеуі мен жаңаруының тамаша мезгілімен құттықтап, көктемдей көгілдір көңіл, кең риясыз өмір тіледі.
«Достық» үйі алдында этномәдени бірлестіктердің дайындауымен ұзындығы 25 метрлік «Достық» дастарқаны жайылып, Наурыз көже, ұлттық тағамдар таратылды. Орталық алаңда «Бауырсақ-фэст» акциясы, киімдер дефилесі, отбасылық ойын-сауықтар, спорттық жарыстар, этноауыл мен қолөнер бұйымдары көрмесі, әдет-ғұрып, салт-дәстүр рәсімдері ұйымдастырылып, ұлттық құндылықтар барынша насихатталды.
«Жарайсыңдар, әжелер!» байқауында Альфера Абдрахиева бірінші орынды жеңіп алса, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 12 ақын қатысқан аймақаралық сөз сайысында петропавлдық Жарқын Жұпархан топ жарды. Ақшаңқан киіз үйлер конкурсында гран-при Айыртау ауданына бұйырды. Ал мемлекеттік мекемелер арасында облыстық ішкі істер департаментінің мерейі үстем болды.
Осы күні бірқатар әлеуметтік нысандар ашылып, пайдалануға берілді.
Қызылжар өңірінде үш күн бойы тойланған Ұлыстың ұлы күнінде адамдар бір-біріне Отанның тыныштығын, елдің амандығын тілеп, ауа райының жылуын жақсылыққа жорыды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.

Чехия мен ОАР плей-офф жолдамасы үшін шешуші матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 11:06
Балаларға ата-анасының тегі қатар берілуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:52
ҚазҰУ-да «Quantum AI» − кванттық компьютерлер зертханасы ашылды
Технология • Бүгін, 10:44
Алматы облысында 251 млн теңге субсидия жымқырғандарға сот үкімі шықты
Жемқорлық • Бүгін, 10:43
«Челсиге» ауысқан Дастан Сәтпаевтың орнын кім басады?
Футбол • Бүгін, 10:33
Гана Панама құрамасын соңғы минутта жеңіп кетті
Футбол • Бүгін, 10:28
АҚШ пен Иран меморандумға қол қойды
Әлем • Бүгін, 10:10
Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында жеңіліп қалды
Футбол • Бүгін, 10:04
Англия құрамасы Хорватиядан басым түсті
Футбол • Бүгін, 10:00
Алматыда дәрігерлер карусельден құлаған 9 жастағы баланың өмірін аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 09:53
Астанада оқушылар арасында төбелес болды: Қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 09:42
Спорт • Бүгін, 09:20
Ресейде балалар мінген автобусқа дрон шабуыл жасады: Зардап шеккендер бар
Әлем • Бүгін, 09:15
Мессидің хет-тригі, Мбаппе мен Холанның дублі
Футбол • Бүгін, 09:08
Қалба жоталары – қылқалам ұшында
Өнер • Бүгін, 09:05