АТЫРАУ. 26 наурыз. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Атырау облысының әкімі болып Нұрлан Ноғаев тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов пен Қазақстан Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматуллин облыс активіне аймақтың жаңа басшысын таныстырды.
Мұның алдында Үкімет басшысы жаңа әкімнің кандидатурасын облыстық мәслихат депутаттарының талқысына ұсынды. Депутаттар өз кезегінде Нұрлан Ноғаевтың кандидатурасын толық қолдап, бірауыздан дауыс берді.
Облыс активімен кездесуде Кәрім Мәсімов облысты 4 жылға жуық басқарған Бақтықожа Ізмұхамбетовтің жаңадан жұмысын бастаған VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің төрағалығына сайланғанын хабардар етті. Осыған байланысты Елбасының отандық экономика үшін стратегиялық маңызы айрықша зор облыс басқару жөніндегі таңдауы Нұрлан Ноғаевқа түскенін атап өтті.
Жиында Бақтықожа Ізмұхамбетов те, Нұрлан Ноғаев та Мемлекет басшысына сенім көрсеткені үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да ел мүддесі үшін еңбек ете беретіндерін жеткізді.
Айта кетейік, Нұрлан Ноғаев бұған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі болған.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Фото: oraloniri.kz.

Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін кімдер алаңға шығады?
Футбол • Бүгін, 10:11
Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды
Оқиға • Бүгін, 09:54
Елімізде бес айда 3 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды
Қылмыс • Бүгін, 09:39
Қазақстан азаматтарының жеке деректерін сатқан халықаралық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:34
Telegram мессенджері уақытша бұғатталды
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:19
АҚШ президенті Ливан туралы мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 09:11
Спорт • Бүгін, 09:10
Рекорд • Бүгін, 09:05
Жозимардың қақпасы сыр бермеді
Футбол • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Жазғы демалысқа жан-жақты дайындық
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Көлсайдағы табиғат қорғау акциясы
Аймақтар • Бүгін, 08:53
Мәселе • Бүгін, 08:50